Тікелей эфир

2025 жылы балабақшаға баратын балалар үлесі 95 пайызға дейін артады

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Сондай-ақ, ваучерлік қаржыландыру жүйесі жыл соңына дейін Қазақстан өңірлерінің бәрінде іске қосылады.

Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 95 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр, деп хабарлады Үкімет сайты

Үкімет ақпаратына сәйкес, биыл мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруде келесі көрсеткіштерге қол жеткізу көзделген. 

Мектепке дейінгі білім беру:

  • мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында, балалардың отбасылық жағдайда тәрбие алуы, дамуы және күтімі мәселелері бойынша кеңес беру пункті санын 4 245-ке дейін арттырылады;
  • мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады;
  • 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады;
  • барлық өңірлерде «Қаражатты баланың соңынан ілестіру» қағидаты бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.

Оқи отырыңыз: 


Орта білім беру: 

  • 272,8 мың оқушыға арналған орын енгізіледі; 
  • ерекше қажеттілігі бар балалардың 90%-ы арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамтылады; 
  • физика, химия, биология, робототехника, STEM пәндері бойынша 1 мың заманауи кабинет сатып алынады; 
  • 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту жобасын іске қосылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру:

  • колледждерде техникалық және кәсіптік білім беру бағыты бойынша сұранысқа ие мамандықтарға (9-сынып түлектерін) 100% тегін оқытумен қамтылады; 
  • жұмысқа орналастыру міндеттемесімен мақсатты тапсырысты 10 мың орынға ұлғайтылады; 
  • жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі 2 есеге артады; 
  • жеке инвестиция тарту арқылы 80 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтылады және жабдықталады; 
  • колледждерде шағын 10 кәсіпорын ашылады. 
Инфографика: Үкімет сайты

 

Серіктестер жаңалықтары