Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы 2025 жылдың тамыз айындағы әлемдік әуе тасымалдары нарығына қатысты мәліметтерді жариялады. IATA cтатистикасына сәйкес, бұл айда жолаушылар тасымалына сұраныс 4,6%-ға, ал жүк тасымалына 4,1%-ға артқан.
Жолаушылар тасымалы
- Жалпы жолаушылар тасымалы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 4,6%-ға өсті.
- Тасымал қуаты 4,5%-ға артып, ұшақтардың жүктеме коэффиценті 86%-ды құрады. Бұл – тамыз үшін рекордтық көрсеткіш.
- Халықаралық бағыттар бойынша сұраныс 6,6%-ға артты. Жүктеме коэффиценті 85,8%-ға жетіп, бұл да тарихи максимумға жақын көрсеткіш болды.
- Ішкі тасымалдарда сұраныс 1,5%-ға өсті, жүктеме коэффиценті 86,3%-ды құрады.
IATA бас директоры Уилли Уолштың айтуынша, бұл өсім 2025 жылғы жазғы маусымның табысты өткенін көрсетеді.
"Жолаушылар тасымалына сұраныс артып, 2025 жылғы жазғы маусым тарихи рекордтық көрсеткішке ие болды. Ұшақтардың жолаушыларға толық болу көрсеткіші 86 пайызға жетті. Бұл тарихта болмаған жоғары деңгей. Әлемдік экономикадағы айқынсыздық және геосаяси қиындықтарға қарамастан, сала қарқынды өсіп келеді. Қазан айына жоспарланған ұшу кестелерінде әуе компаниялары тасымал қуатын тағы 3,4 пайызға арттыруды жоспарлап отыр", – деді ол.
Жүк тасымалы
- Жүкке деген жалпы сұраныс 4,1%-ға артты, халықаралық тасымалдарда бұл өсім 5,1%-ды құрады.
- Тасымал қуаты 3,7%-ға, ал халықаралық бағыттар бойынша 5,5%-ға өсті.
"Жүк тасымалының артуына бағалы жүктерді ұшақ арқылы тасымалдауға басымдық беретіндер көбейімен байланысты. Компаниялар бүгінде теңіз жолдарының тәуекеліне байланысты одан бірте-бірте бас тартып жатыр", – деп түсіндірді Уилли Уолш.
USD:
506.1 / 508.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63

