2023 жылы ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 70 мың теңге көлемінде болады. Бұл туралы "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда жазылған.
Сонымен қатар өзге де төлемдердің мөлшері өседі. Атап айтқанда:
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 теңге;
- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге;
- айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;
- базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленді.
"Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне жəне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10,5 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін", – деп жазылған заң мәтінінде.
Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,8 пайыз болып белгiленді.
Оқи отырыңыз:
- Экономист халықтың күнкөрісі туралы: тұтынушылық себеті 2006 жылдан бері жаңарған жоқ
- Ерлердің төменгі күнкөріс деңгейі неге әйелдерден жоғары?
Ал мерзiмдi қызметтегі əскери қызметшілерден басқа әскери қызметшілерге жəне арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға жəне коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-