USD: 487.1 / 489.7
  • EUR: 558.5 / 563.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бірақ, әзірге құжаттарын тек білім гранты байқауына қатыспайтын, ақылы негізде оқуды жоспарлап отырған абитуриенттер тапсырады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын хабарлады.

Дегенмен, білім грантынан үміті бар талапкерлерге әлі асығудың қажеті жоқ. Өйткені, әзірге мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Ал мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 2026 жылғы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер талапкер таңдаған жоғары оқу орнына қарамастан кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өтініштерді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Еске салайық, төменгі шекті балдар биыл өзгерген жоқ. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу шекті балы – 65 балл, басқа ЖОО-ларға 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – 70 балл, "Құқық"  даярлау бағыты бойынша – 75 балл. Бұл ретте "Қазақстан тарихы" және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алатынын айта кеткен жөн.

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз