2026 жылғы 2 наурыздан бастап "Отбасы банк" баспана кезегінде тұрған қазақстандықтарға тұрғын үй беру тәртібін өзгертеді. Енді пәтерлер тек түгендеуден (инвентаризациядан) өткеннен кейін ғана үлестіріледі.
Банктің мәліметінше, инвентаризация тұрғын үй бөлу алдындағы алғашқы әрі міндетті кезеңге айналады. Бұл шара тұрғын үйді әділ әрі ашық үлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
"Отбасы банк" – Бәйтерек ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие банк қазіргі таңда кезекте тұрған азаматтар арасында баспананы белсенді түрде үлестіруде.
Облыс әкімдіктері банкке барлығы 13 393 пәтер тапсырған. Оның ішінде:
- 8 846 пәтер – жалдамалы тұрғын үй;
- 4 547 пәтер – несиелік тұрғын үй.
Банк мәліметінше, тұрғын үй үлестіру басталғалы бері 4 216 отбасы қоныс тойын тойлаған.
Сонымен қатар пәтерлерді бөлу кезінде азаматтардың кезекке қойылған күні мен санаттарының басымдығы ескеріледі. Бұл деректер "Отбасы банкке" мемлекеттік деректер қорларынан алынады.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13