Биыл Отбасы банкінде үй алу үшін депозит ашқан қазақстандықтардың саны рекордтық мән – 1 миллионға жетті. Бұған дейінгі жыл сайынғы орташа көрсеткіш 600 мың шамасында болатын. Бұл туралы Отбасы банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк мәліметінше, қазіргі таңда "Отбасы банкте" 3,4 миллион қазақстандық баспана алу үшін қаражат жинап жатыр. Ал жыл басынан бері 74 386 салымшы баспаналы болған.
"2000 жылдардың басынан бері Қазақстанда жыл сайын шамамен 250 мың бала дүниеге келді. Солардың көпшілігінің ата-анасы алғашқы пәтерін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы сатып алғанын біліп өсті. Ал бүгінде сол салымшыларымыздың балалары өздері депозит ашып, оны белсенді түрде толықтырып, жеке баспанаға қол жеткізуді армандап жүр. Олар банкпен бірге өсіп келеді. Біз жинақ жүйесінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ондаған жыл бойы тиімді жұмыс істеп, бір отбасының артынан екіншісіне өмірдегі ең маңызды мақсаттардың бірі – баспана сатып алуға көмектесіп отырғанын көріп отырмыз", – деді Отбасы банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Банк өкілдерінің айтуынша, биылғы рекордтық көрсеткішке "Наурыз" бағдарламасы негізгі себеп болған. Бұл бағдарлама Мммлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске қосылып, Қазақстанда екінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде 15 387 азамат қоныс тойын атап өтті.
"Наурыз" бағдарламасы азаматтарды баспана алуға алдын ала жинақ арқылы дайындалуға үйретеді. Өйткені дәл осы ұқыпты жинақ салымшыларға "Отбасы банктен" несиені төмен пайыздық мөлшерлемемен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі қаражат бірнеше жылдан кейін қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге жол ашады. Ал "Наурыз Жұмыскер" бағдарламасының арқасында 2 546 адам қоныс тойын атап өтті. Бағдарлама 1 143 түрлі кәсіпорын қызметін және 8 230 жұмысшы мамандығын қамтиды.
lw-3094948329-1
USD:
513.7 / 516.3
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.39 / 6.53

