Астананың жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен көп пойызды кешенді сынақтан өтті, деп хабарлайды CTS.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сынақтар машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде ұйымдастырылды.
"Қазіргі кезеңде пойыздардың қозғалыс кестесі, жолаушыларды отырғызу мен түсіру, стансалардағы тұру уақыты және басқа да негізгі көрсеткіштер тексеріліп жатыр. Нәтижелер жүйені қосымша баптауға және LRT-ның тұрақты, қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге пайдаланылады", – делінген хабарламада.
Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілген, оның 15-і желіде жүретін болады, ал қалғандары резервте сақталады.