USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

19 ақпаннан бастап Шу мен Отар арасында электр пойызы қатынайды

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.

2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электр пойыз қатынайды. Бұл шешім жолаушылар ағынын арттырып, қызмет көрсету сапасы мен жайлылық деңгейін көтеруге бағытталған, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Ұлттық тасымалдаушының мәліметінше, бұған дейін аталған бағытта бір ғана жолаушылар вагоны қатынаған. Енді төрт вагоннан тұратын электрпойыз пайдалануға беріледі. Құрамның жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыға арналған.

Қатынау кестесі:

  • Шу станциясынан жөнелту – 15:30, Отар станциясына келу – 19:00.
  • Отар станциясынан жөнелту – 06:40, Шу станциясына келу – 10:03.

Электрпойыз күн сайын қатынайды.

Жолақы құны:

  • 1-санат – 2 257 теңге
  • 2-санат – 2 097 теңге
  • 3-санат – 1 751 теңге.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз