
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы жыл сайынғы "Жасыл аула" акциясы аясында көгалдандыру мен жасыл қорды сақтау бағдарламасын жалғастырады, деп хабарлады қала әкімдігі.
2025 жылдың көктемгі кезеңінде 228 өтінім мақұлданып, қала тұрғындарына шамамен 2 мың жапырақты ағаш көшеті тегін таратылады. Бұл бастама көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға бағытталған.
Көшет тарату күндері – 19–20 сәуір.
Көшетті төменде көрсетілген мекенжайдан алуға болады:
- Әуезов ауданы – Мамыр-1 ш/а., 26/1
- Алатау ауданы – Саялы ш/а., 71
- Медеу ауданы – Назарбаев даңғ., 36
- Жетісу ауданы – Боткин к-сі, 20
- Түрксіб ауданы – Жас Қанат ш/а., 49А
- Алмалы ауданы – Байтұрсынов к-сі, 22/1
- Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а., 343/7
- Бостандық ауданы – Абай даңғ., 164/6
Әр орталықта 100 данаға дейін көшет таратылады.
Көшеттердің негізгі бөлігі Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 1/1 ("Eco Almaty" ЖШС) мекенжайында дайындалады.
Акцияға қатысушылар көшетті отырғызғаннан кейін фотоесеп тапсыруы тиіс.