Қасым-Жомарт Тоқаев Shymkent City саябағына ағаш отырғызды, деп хабарлады Ақорда.
Жаңа саябақтың аумағы 20 гектардан асады. Онда сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар.
Алдағы жылдары экологиялық жағдайды жақсартып, қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін 1 миллион түптен астам ағаш отырғызылмақ. Шаһардағы 12 саябақты абаттандыру, сондай-ақ гүлзарларды, Қошқар ата өзенінің жағалауы мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрынғы қоқыс полигонының орнында Экопарк құрылысы қолға алынды.
Айта кетейік, президент Шымкент қаласында іссапарда жүр.
USD:
481.1 / 484.1
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.97