Астанада жоғары оқу орындарының бірінің қызметкері талапкерлерді университетке оқуға түсіремін деп алдап, ақша алғаны үшін сотталды. Бұл туралы қала прокуратурасы хабарлады.
Тергеу мәліметінше, университет қызметкері қылмыстық схема ұйымдастырып, жалған мөрлер мен құжаттарды пайдаланған. 18 талапкердің сеніміне кіріп, олардан 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алып отырған.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының қызметтік жағдайын пайдаланып бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ жалған ресми құжаттар мен мөр дайындағанын дәлелдеді.
Сот үкімімен ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ материалдық шығынды да өтеді. Үкім заңды күшіне енді.
KazToll атын жамылған алаяқтар: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
Алматыда алаяқтарға алданған 75 жастағы қария мен немересі үйін қайтаруға көмек сұрады