Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 16 қазанда Көкшетау қаласында АЭС салу бойынша жария талқылау өтетінін хабарлады.
- Талқылау орны: Көкшетау қаласы, "Достар" мәдениет үйі.
- Талқылау мерзімі: 16 қазан сағат 10:00-де.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан атом электр станциясын салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін хабарлады. Референдум қашан өтетіні әзірге белгісіз.
"Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Көкшетау қаласының әкімдігі жария талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр. Жария талқылауға атом саласының сарапшылары қатысады. Жария талқылауларды өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрақтарын қоя алады", – деді Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы: АЭС салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн