Қытайдың China Mobile байланыс операторы 6G технологиясын дамытуда елеулі жетістікке қол жеткізді. 50 ГБ файлды небәрі 1,4 секундта жүктелген. Бұл туралы компания өкілдері Қытай интернет-конференциясы барысында хабарлады, деп жазды Fast Technology.
Компанияның хабарлауынша, жаңа буынды 6G сымсыз байланыс технологиясы алғашқы шағын ауқымды сынақтардан сәтті өтсе, енді тағы 10 сынақ алаңы іске қосылған.
Бұл технология деректерді бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жеткізуге мүмкіндік береді. Ол 280 Гбит/с жылдамдыққа тең, салыстырып қарайтын болсақ, бұл 5G-ден 28 есе жылдамырақ.
"Мысалы, 50 ГБ көлеміндегі файлды жүктеу үшін бар болғаны 1,4 секунд жеткілікті. Бұл – 4K сапасындағы екі сағаттық фильмді бір секундта көшірумен тең", – делінген хабарламада.
China Mobile компаниясы биыл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 39,1 миллиард юань инвестиция құйды. Қазіргі таңда олар 5G және 5G-A желілерін дамытып, әлемдегі ең ірі 5G инфрақұрылымын құрған.
Қытай бойынша 2,4 миллионнан астам базалық станция орнатылып, бұл көрсеткіш әлемдік көлемнің 30 пайызынан асады.
Еске салайық, бұған дейін Huawei және China Unicom Хэбэй провинциясындағы Сюнъань жаңа ауданында алғашқы 10G кең жолақты желісін сәтті іске қосу үшін күш біріктірген еді. 10G кең жолақты байланысын орнату әлемдегі алғашқы 50G PON шешіміне негізделген.
USD:
503.9 / 506.9
EUR:
588.0 / 593.0
RUB:
6.55 / 6.67

