Қытайдың Шэньчжэнь қаласында БРИКС елдерінің болашақ желілерінің VI инновациялық форумы аясында "Қазақстан интернет қауымдастығы" ЗТБ президенті Шавкат Сабиров пен NIDA бас хатшысы Дэн Иу стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Бұл тараптар арасындағы серіктестіктің нақты іске асу кезеңіне өткенін білдіреді және NIDA-ның жаһандық салалық консенсус құру мен әлемдік индустрия экожүйесін қалыптастыру бағытындағы халықаралық стратегиясындағы елеулі ілгерілеуді көрсетеді.
- Энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да негізгі салаларда цифрлық трансформацияны қамтамасыз ететін озық технологияларға негізделген жаңа буын өнеркәсібі үшін жаһандық инновациялық платформаны құру.
- Интернет-технологиялар бойынша халықаралық форумдарды бірлесе өткізу, жаһандық өзара әрекеттестіктің жаңа моделін қалыптастыру және кеңейтілген БРИКС аясында технологиялық диалог механизмін орнату.
- Келесі буындағы желілер негізінде қалалық дамудың жаһандық эталондарын құру мақсатында "Алғашқы қадам жасаған қалалар" бастамасын ілгерілету, оның ішінде заманауи қалалық желілік инфрақұрылымды салу.
Оқи отырыңыз: Яндекс Global басшысы президентке AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін айтты
"Осы стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қою тараптар арасында "технология – стандарттар – саясат – өнеркәсіп" қағидаты бойынша терең өзара әрекеттестіктің көпдеңгейлі механизмін құрды. Бірлескен зерттеулер, экожүйе құру және ортақ құндылықтарды бөлісу қағидаларын басшылыққа ала отырып, тараптар "Алғашқы қадам жасаған қалалар" бағдарламасын стратегиялық тірек етіп, өнеркәсіптік ұйымдардың халықаралық ынтымақтастығының эталонын бірлесіп қалыптастырады", – делінген ресми хабарламада.
USD:
503.5 / 507.5
EUR:
588.5 / 593.5
RUB:
6.51 / 6.63