Мерекеге орай Астанада балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай Астанада 50-ден астам іс-шара өтеді. Атап айтқанда, балаларға конкурс, ойын-сауық бағдарламалары, зияткерлік ойындары ұйымдастырылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, шеберлік сыныптары, челлендждер, шығармашылық жұмыстарға арналған көрмелер, музыкалық-театрландырылған фестивальдар мен көрмелер-презентациялар, ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылады.
"Қалалық алаңда "Балалардың игілігі үшін" республикалық акциясы, балабақша тәрбиеленушілері арасында "Көңілді заряд" әуе шарлары бар флешмоб, жас футболшылар марафоны, белсенді спорт түрлері бойынша мастер-класстар өтеді. "Арбат" жаяу жүргіншілер аллеясында қосымша білім беру ұйымдарының қатысуымен "Балалық шақ энергиясы" көрмесі ұйымдастырылады. Мереке ересектер мен балаларға арналған супердискотека ұйымдастырылып, онда балалық шақтың мультфильм әндері, қазіргі күндердің хиттері шырқалады" - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 1 маусымда балалар 50 пайыз жеңілдікпен балалар аттракциондарына бара алады.
Тегін жол жүру қызметі
Мерекеге орай елордада мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға тегін жол жүру қызметі көрсетіледі. Тек мектеп билеттерін көрсету міндетті.
Еске салайық, биылғы мерекеде Алматыда қоғамдық көліктерде балалар үшін тегін қызмет көрсетілмейді. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.
"Алматы қаласында тегін жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарда жоқ", – деді басқарма өкілдері.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
255
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
250
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
254
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
252
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
245
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
245
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
244
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
238
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
223
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
220
-
1
-
5
-