Тікелей эфир

Коронавирус және пневмониямен ауырған алматылықтарға 50 мың теңгеден көмек берілуі мүмкін

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Төлем бір реттік болады және оны халықтың тек әлеуметтік осал топтары санатындағылар алады.

Алматы қаласы мәслихаты "Алматыда пандемия кезінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" қағидаларын бекітіп, қоғамдық талқылауға ұсынды. Құжат электрондық үкімет порталында жарияланды және оның талқылауы 10 қыркүйекке дейін жалғасады. Егер жоба мақұлданып, қаражат бөлінсе, 50 мың теңге – халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан коронавирустық инфекциямен және пневмониямен ауырған жандарға беріледі. Жоспар бойынша 815 адамды (оптимистік сценарийде) не 5 мың адамды (пессимистік сценарийде) қамту көзделіп отыр.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы әр айдың 5-не дейін пневмония және коронавирус індетімен ауырған тұлғалар тізімін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына ұсынады. Ондағылар науқастың санатын анықтап, көмек көрсету немесе көрсетпеуді шешеді.

Оқи отырыңыз: Birgemiz қоры тағы 110 мың отбасыға 50 мың теңгеден көмек береді

Бұған қоса, сауда желілері арқылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын 10 мың теңге мөлшерінде азық-түлік пакеттерін ұсынуға ай сайынғы әлеуметтік көмек берілмек. Бұл көмекті 120 мың алматылық алады.

Азық-түлік жиынтығына 10 мың теңгеге күріш, ұн, жарманың бірнеше түрі, yан, макарон, сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшік, сиыр еті, қой еті, шошқа еті, жылқы еті, шұжық, балық, жұмыртқа, сары май және өсімдік майы, тұз, қант, көкөністер қосылады.

Құжатқа сәйкес аз қамтылған отбасылар тек азық-түлік жиынтығын ала алады, ол үшін олар тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппаратына өтініш беруі керек. Әлеуметтік көмек Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға ақшалай немесе заттай ұсынылады.

Оқи отырыңыз: 50 мың теңге көмек кімдерге беріледі? Оны алу үшін құжат тапсыру қажет пе?

Мәслихат ұсынған шешім бойынша көмек алатын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі:

  1. ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
  2. ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар
  3. Жасына байланысты зейнеткерлер, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы ҚР Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, ең төменгі немесе одан аз зейнетақы алатындар;
  4. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  5. Бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер;
  6. Асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алатын отбасылар;
  7. Үйде күтім жасау жағдайында арнайы әлеуметтік қызмет алатын жалғызілікті зейнеткерлер;
  8. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар";
  9. Аз қамтылған отбасылар.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары