Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 3 мамыр хронологиясы. 2 адам көз жұмды, 89 адам жазылды, 63 науқас тіркелді

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Іnformburo.kz елу екінші күннің оқиғаларын рет-ретімен әңгімелейді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 51 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 3 920

  • Алматы – 1 285;
  • Нұр-Сұлтан – 690;
  • Қызылорда облысы – 214;
  • Шымкент – 211;
  • Атырау облысы – 181;
  • Батыс Қазақстан облысы – 174;
  • Қарағанды облысы – 155;
  • Ақтөбе облысы – 153;
  • Павлодар облысы – 150;
  • Алматы облысы – 149;
  • Жамбыл облысы – 149;
  • Түркістан облысы – 135;
  • Ақмола облысы – 100;
  • Маңғыстау облысы – 65;
  • Қостанай облысы – 50;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 29.

Жазылғандардың жалпы саны – 1084.

Көз жұмғандар – 27.

23.59 – 3 мамыр қорытындысы: Қазақстанда коронавирус жұқтырған 63 адам тіркелді. Екі адам қайтыс болса, 89 адам емделіп шықты.



23.55 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

Ресейде оқитын оралдық 18 жастағы студент "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткенде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жеткізілген. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысында коронавирус нақтыланып, жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.

БҚО-нда коронавирус жұқтырған барлығы 174 адам тіркелсе, оның ішінде емделіп шыққандар саны ‒ 31.

23.35 – Шығыс Қазақстан облысында қатаң режимдегі мекемеде жазасын өтеп жатқандар жылыжайдағы екі күндік егінді Семей қалалық инфекциялық ауруханасына тарту етті, деп хабарлады Polisia.kz. Осылайша тұтқындар медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Фото polisia.kz сайтынан алынды


23.30 – Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 139 ошақ аймағы тіркелген.



23.05 – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

Тараз қаласының 1985 жылғы тұрғыны коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде тексерілген. Вирус жұқтырған адаммен байланыста болған алты адам анықталып, провизорлық стационарға орналастырылды.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған барлығы 149 адам тіркелген.

23.00 – Атырау облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:

1994, 1996, 1977 және 1969 жылғы ер азаматтар бұрын жұқтырғандармен байланыста болған соң карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық талдау алынып, оң нәтиже көрсетті. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Атырау облысында коронавирус барлығы 179 адамнан анықталды. Оның ішінде 113 адам "Теңіз" жұмысшылары.

22.35 – Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы созылады деген ролик таралуда. "Хабар24" эфирінде көрсетілген сюжеттің үзіндісі алынып, Франциядағы коронавирус жағдайына байланысты карантин мерзімі ұзартылатыны хабарланған болатын. Әдейі қысқартылып алынған сюжетте ақпараттың мазмұнын өзгертілген. Қазақстанда жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

22.35 – Коронавирус жұқтырған 7 адам тіркелді:

  • Батыс Қазақстан облысы – 1;
  • Атырау облысы – 4;
  • Жамбыл облысы – 1;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 920 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлердің күйзеліске түсуіне не себеп? Психоаналитик түсіндірмесі

21.25 – Алматыда Covid-19 жұқтырған науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Қазақстан да барлығы 55 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.

19.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Шымкент – 9;
  • Ақмола облысы – 1;
  • Батыс Қазақстан облысы – 17.

Қазақстанда барлығы 1 084 адам емделіп, сауығып шықты.



19.45 – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 3 адам туралы:

Семейде 2003 және 2012 жылғы балалар мен олардың 1982 жылғы анасынан вирус анықталды. 2 мамырда отбасы мүшелері дене қызуы көтеріліп, денсаулығы сыр бере бастаған соң учаскелік дәрігерді үйге шақырады. Алгоритмге сәйкес, дереу коронавирусқа тексеру жүргізілді. 3 мамырда шыққан талдау нәтижесі олардың вирус жұқтырғанын көрсетті. Науқастар инфекциялық стационарға оқшауланды. Жағдайлары орташа дәрежедегі ауырлықта. Облыс аумағынан және шет мемлекеттерге шықпаған.

ШҚО-да коронавирус барлығы 28 адамнан анықталды.

19.20 – Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзған Қазақстан ММА федерациялары бірлескен қауымдастығының вице-президенті Анатолий Ким ұсталды. Ол 30 сәуірде Ботаника бағында спортпен шұғылданған. Тәртіп сақшылар ескертуіне қарамастан жалғастыра берген. Оған 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де балаңыздай қараңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІІ-IV бөлімдер

19.05 – Нұр-Сұлтан колледждерінде жатақханада тұратын өзге қалалық 50-ге жуық студент қашықтан білім алуда. Оларға флеш-карталар, роутерлер, сондай-ақ азық-түлік жеткізілді. Студенттер ай сайын мемлекеттік стипендия алады. Колледж әкімшілігіне өтініш білдірген мыңнан астам студентке оқу ақысының уақыты 2020 жылдың тамыз айына дейін ұзартылды.

18.50 – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған екі адам туралы:

Байзақ ауданының 1965 жылғы тұрғыны 2 мамырда орталық аудандық ауруханаға дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, тамақтың ауыруына қатысты шағыммен түсіп, ПТР-зерттеу қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Екінші адам – 1963 жылғы Байзақ ауданының тұрғыны 2 мамыр күні ауруханаға жатқызылған. Зертханалық тексеру кезінде коронавирус расталды. Науқастар инфекциялық стационарға жеткізілді. Эпидемиологиялық тексеру барысында байланыста болған 12 адам анықталып, карантинге алынды.⠀

Жамбыл облысында коронавирус 148 адамнан анықталды. "Теңіз" вахталық кентінен келген жұмысшылар арасынан 16 адам жұқтырған.

18.45 – Шымкентте коронавирус індетінен көз жұмған науқас туралы:

1942 жылғы әйел адам Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынама алынып, Covid-19 нақтыланды. 29 сәуір күні жан сақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Науқастың қосалқы аурулары: 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит.
Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген. Жасалған реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамырда сағат 10.20-да науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Пандемиядан шығудың үш сценариі. АҚШ пен Батыс Еуропа қай жолды таңдады?

18.42 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екі адам туралы:

Екеуі де Қарақия ауданы Сенек ауылының тұрғындары, әкесі мен баласы. 26 жастағы ер азамат және оның 1 жасар баласы. Олар коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынды. Коронавирус жұқтырғаны нақтыланды.

Маңғыстауда барлығы 65 адамнан коронавирус анықталды.

18.40 – Алматыда коронавирус жұқтырған екі адамның жай-күйі өте ауыр, 25 адамда – ауыр, 263 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Бүгін 17.00-дегі жағдай бойынша, Орталық қалалық клиникалық аурухананың 9 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 8 адам, кеше Орталық қалалық клиникалық аурухананың 15 медицина қызметкері, 1 санитарлық дәрігер, 2013 жылы туған 2 бала, №17 қалалық емхананың 1 медицина қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 11 адам емдеуден шығарылды.

18.32 – 56 адам коронавирустан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтан – 1;
  • Алматы – 14;
  • Шымкент – 2;
  • Алматы облысы – 14;
  • Қарағанды облысы – 5;
  • Павлодар облысы – 6;
  • Атырау облысы – 1;
  • Түркістан облысы – 4;
  • Қызылорда облысы – 9.

Қазақстанда барлығы 1 056 адам емделіп, сауығып шықты.

Оқи отырыңыз: Карантин талабы жеңілдеді. Енді аулаға шығуға, саяжайға баруға рұқсат

18.30 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

1997 жылғы ер адам карантинге жатқызылған. 3 сәуірде ПТР талдау нәтижелері бойынша науқаста Covid-19 нақтыланды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 155 адам анықталды. Оның ішінде 2 адам қайтыс болған, 68 науқас жазылып шықты.

18.25 – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:

Вирус жұқтырғандармен жақын байланыста болғандарды скринингтік тексеру барысында Covid-19 Арыс қаласында тұратын 2015 жылғы баладан табылды. Бұл баламен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынып жатыр. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 135-ке жетті.

18.10 – Шымкентте коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Қазақстанда барлығы 27 адам қайтыс болды.

18.05 – Коронавирус жұқтырған 36 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы – 7;
  • Шымкент – 5;
  • Маңғыстау облысы – 2;
  • Атырау облысы – 2;
  • Қарағанды облысы – 1;
  • Жамбыл облысы – 2;
  • Түркістан облысы – 1;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысында – 9.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 913 адам анықталды.

Оқи отырыңыз: 1 мамырда Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе байланысы ашылады. Жолаушылар нені білуі керек?

17.05 – Алматыда Covid-19 қарсы күресіп жүрген дәрігерлер туралы фильм түсірілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)

17.00 – Бес адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Алматы – 3;
  • Қызылорда облысы – 2.

Қазақстанда барлығы 1 000 адам емделіп, сауығып шықты.



16.00 – Ақтөбе облысында коронавирус табылған алты адам "Теңізшевройл" компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Олар Атырау облысына пойызбен келген. Бірден оқшауланып, ауруханада тексеру кезінде инфекция расталды. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

15.30 – Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp арқылы ресми ақпарат алуға болатын чат-ботты іске қосты. Ол арқылы өзіңізді алаңдатқан сұрақтарды қоюға болады.

WhatsApp чат қызметін қалай пайдалануға болады:

  • смартфоныңызға +7 705 812 69 67 нөмірін сақтаңыз немесе https://wa.me/77058126967 сілтемесіне өтіңіз;
  • одан әрі ақпарат алу үшін WhatsApp нөміріне кез келген мәтін хабарлама жіберіңіз.

13.45 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырып, қайтыс болған адам – Шахтинск қаласының 1958 жылғы тұрғыны. 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальге келіп түскен. Covid-19 нақтыланған соң 14 сәуірде ҰҒКО шешімімен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Пациент 19 күн емдеуде болды. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан 3 мамырда көз жұмды.

13.15 – Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап үй карантинін бұзғаны үшін 45 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Үй карантинін бұзған 15 адам қамауға алынып, 9 тұрғынға айыппұл салынды, 9 ескерту жасалды, сондай-ақ 12 материал өндірісте.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?

13.00 – Алматы облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:

Кеген ауданының төрт тұрғынынан зертханалық тексеруден соң коронавирус анықталды. Олардың барлығы да бұрын вирус жұқтырғандармен байланыста болған. 1950, 1986, 1990, 1992 жылы туған азаматтар Есік қаласындағы аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

12.50 – Коронавирус инфекциясынан Қарағанды облысында 1958 жылғы азамат көз жұмды. Қазақстанда Covid-19 кесірінен барлығы 26 адам қайтыс болды.



11.35 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған бір адам туралы:

1946 жылғы әйел адам, Қарақия ауданы, Бостан ауылының тұрғыны. 74 жастағы қария осыған дейін коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Нәтижесі – оң.

Маңғыстау облысында барлығы 63 адамнан Covid-19 анықталды.

11.30 – Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:

Вирусты жұқтырғандардың үшеуі – 1971, 1973 және 2016 жылғы Қызылорда қаласының тұрғындары және біреуі – 1977 жылғы Жаңақорған ауданының тұрғыны.

Аталған азаматтардың біреуінен ПТР сынамалары Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынса, қалған үш адамнан коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты алынған. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 214 адам тіркелген, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 127, ем қабылдап жатқандар саны — 87.

11.25 – Коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелді:

  • Нұр-Сұлтан – 4;
  • Алматы облысы – 4;
  • Маңғыстау облысы – 1;
  • Қызылорда облысы – 4;
  • Атырау облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 6.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 3 877 адам анықталды.



Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
ДСМ жедел желі номері: 1406
Серіктестер жаңалықтары