Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 44 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.10. Коронавирус жұқтырғандар саны – 2 717
- Алматы – 847;
- Нұр-Сұлтан – 498;
- Қызылорда облысы – 179;
- Шымкент – 167;
- Қарағанды облысы – 120;
- Атырау облысы – 119;
- Батыс Қазақстан облысы – 116;
- Түркістан облысы – 109;
- Жамбыл облысы – 104;
- Алматы облысы – 97;
- Павлодар облысы – 95;
- Ақмола облысы – 93;
- Ақтөбе облысы – 57;
- Қостанай облысы – 43;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
- Маңғыстау облысы – 27;
- Шығыс Қазақстан облысы – 16.
Жазылғандардың жалпы саны – 682.
Көз жұмғандар – 25.
23.10 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан – 10;
- Алматы – 1;
- Қызылорда облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 7;
- Түркістан облысы – 1;
- Атырау облысы – 1;
- Ақтөбе облысы – 2.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2 717 адам анықталды.
20.30 – Қазақстан Республикасында тағы 5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Қызылорда облысында – 1;
- Батыс Қазақстан облысында – 1;
- Түркістан облысында – 2;
- Жамбыл облысында – 1 адам.
Елімізде барлығы 682 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.
27 сәуірде қазақ тілінде өтетін 1-11 сыныптарға арналған BALAPAN телеарнасындағы бейнесабақтар кестесі:
18.52 – Алматы облысында вирус жұқтырған 11 адамның оны – Іле ауданының тұрғындары, ал біреуі – алты айлық сәби, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны.
18.39 – Cемейлік ғалымдар Covid-19 вирусынан емделудің бір жолын ойлап тапты. Осы жолмен емделген бір науқас жазылып шықты. Ғалымдар негізгі емдеу құралы ретінде Сурфактантты таңдаған. Бұл өнім негізінен өкпе қабынуының ауыр түрлерін емдегенде қолданылады.
Оқи отырыңыз: АҚШ доллары халықаралық мәртебесінен айырыла ма? Сараптама
18.37 – Алматыдағы 97 жастағы әжейдің өліміне қатысты ақпарат:Бұған дейін хабарланғандай, қарияның өліміне ми қан айналымының бұзылуынан туындаған қайтымсыз табиғи себеп болған.Коронавирус инфекциясы басқа да бірқатар ауыр аурулар секілді ілеспелі болды. Осыған байланысты Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады.
Бүгінде елімізде коронавирус инфекциясының кесірінен 25 адам көз жұмған.
18.23 – Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат:
Covid-19 вирусын Павлодар қаласында тұратын 1965 жылғы әйел адам жұқтырған. Науқас коронавирус инфекциясы тіркелген адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған.
Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 95 адам тіркелген.
17.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 33 адам тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан – 9;
- Алматы – 4;
- Шымкент – 5;
- Алматы облысы – 4;
- Атырау облысы – 10;
- Павлодар облысы – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2 693 адам анықталды.
16.40 – Коронавирус инфекциясынан Алматыда 1 адам көз жұмды. Науқас 1923 жылы туған.
Қазақстанда қазірге дейін Covid-19 жұқтырған 26 адам қайтыс болды.
16.31 – Қапшағай қаласының кәсіпкерлері мен ірі кәсіпорындарының ұжымдары карантин кезінде қаланың аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына қолдау көрсетіп жатыр. Халық бастамалары аясында 330 отбасыға көмек көрсетіледі.
"Біз біргеміз" акциясын ұйымдастырушылардың есебіне сәйкес, карантин режимі енгізілген сәттен бастап қапшағайлықтарға 12 тонна азық-түлік берілген.
Қызылордада белгілі спортшылар — Илья Ильин, Мақсат Исағабылов пен Қамшыбек Қоңқабаев мұқтаж жандарға азық-түлік жеткізді. "Біз біргеміз" акциясы өңірде 8 мыңға жуық отбасыны қамтыды.
Жергілікті кәсіпкерлер мен депутаттар 80 миллионнан астам теңге қаржы салған қоғамдық қордан 6 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден берілді.
15.53 – Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат:
Ақмола облысының Шортанды ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1990 жылғы азамат – Нұр-Сұлтан қаласының емдеу мекемесінің медицина қызметкері. Ол вирусты жұқтырған адаммен жақын араласқаны үшін тұрғылықты жері бойынша үй карантинінде 16 сәуірден бастап отырған.
Сондай-ақ, Целиноград ауданында КВИ жұқтырғандар статистикасы өзгерді. "Шапағат" АӘҚО бойынша жақын байланыста болған адамнан алынған талдау вирусты жұқтырғанын көрсетті. 1988 жылғы қызметкер 9 сәуірде карантиндік стационарға жатқызылған еді.
Екі жағдай бойынша да санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Науқастар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады.
Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де, өзгелерге де қамқор болыңыз". Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес
15.20 – Алматыда Covid-19 жұқтырған 6 науқас (үшеуі – медицина саласының қызметкері) жазылып, үйіне шығарылды. Олардың екеуі – ер адам, төртеуі – әйел адам.
14.35 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 8 адам тіркелді, оның ішінде:
- Ақмола облысы – 1;
- Алматы облысы – 7.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2 660 адам анықталды.
13.45 – Қазақстанда тағы 31 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Алматыда – 6;
- Атырау облысында – 5;
- Қызылорда облысында – 18;
- Қарағанды облысында – 1;
- Ақмола облысында – 1 адам емделіп, сауығып шықты.
Қазірге дейін барлығы 677 адам жазылды.
13.24 – Түркістан облысының тұрғыны медицина қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсеткені үшін 5 тәулікке қамалды.
12.53 – Түркістан облысында Кентау қаласының 44 жастағы тұрғынының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Ол Атырау қаласынан Атырау-Шымкент бағытындағы рейспен ұшып келген.
Оқи отырыңыз: Президенттің төтенше жағдай кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары. Толық тізім
12.18 – Бүгін кешкі 21-00-де қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің YouTube-арнасында наурыз айында Киевте өткен "Arnau" концерті көрсетіледі.
12.05 – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы санитарлық тазалық жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, қаланың түрлі аудандарында қоқыс жиналмаған, керісінше, тау боп үйіліп қалған.
11.34 – Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде 1 058 заңбұзушылық анықталды. Заң бұзғандардан 199 адам қамалып, 237 адамға айыппұл салынған. 523 адамға ескерту жасалып, 44 азаматтың ісі сотқа жіберілді.
11.05 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам – Ресей Федерациясында жұмыс жасайтын Қазақстан азаматтары. Олардың алтауы – Батыс Қазақстан облысының, бесеуі – Алматы облысының, екеуі –Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.
Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысында 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Оқи отырыңыз: Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал
10.55 – Маңғыстау облысында вирусты жұқтырған адам – Ақтау қаласының 71 жастағы тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, одан зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Covid-19 диагнозы нақтыланды. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
10.50 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 51 адам тіркелді:
- Алматы – 15;
- Батыс Қазақстан облысы – 13;
- Нұр-Сұлтан – 8;
- Қызылорда облысы – 7;
- Павлодар облысы – 3;
- Түркістан облысы – 1;
- Шымкент – 1;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Жамбыл облысы – 1;
- Ақмола облысы – 1.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.