Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 50 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.00. Коронавирус жұқтырғандар саны – 3 857
- Алматы – 1 278;
- Нұр-Сұлтан – 682;
- Қызылорда облысы – 210;
- Шымкент – 206;
- Атырау облысы – 174;
- Батыс Қазақстан облысы – 164;
- Қарағанды облысы – 154;
- Павлодар облысы – 150;
- Ақтөбе облысы – 147;
- Жамбыл облысы – 146;
- Алматы облысы – 145;
- Түркістан облысы – 134;
- Ақмола облысы – 100;
- Маңғыстау облысы – 62;
- Қостанай облысы – 50;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30;
- Шығыс Қазақстан облысы – 25.
Жазылғандардың жалпы саны – 995.
Көз жұмғандар – 25.
23.26 – Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 4 адам туралы ақпарат:
Covid-19 Павлодар қаласының төрт тұрғынынан анықталды. Олар – 1969, 1982 жылдары туған әйел және 1989, 1998 жылғы ер адамдар. 4 науқастың үшеуі өздеріне дейін Covid-19 анықталған адаммен байланыста болған. 1969 және 1982 жылдары туған әйел адамдар бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр.
Барлық жағдай бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
02.05.2020 ж. сағат 23.00-дегі жағдайға сәйкес, Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 150 адам тіркелген.
23.20 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған aдам туралы ақпарат:
Қарағанды қаласында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді, ол – 1996 жылғы ер адам. Бұған дейін үй карантинінде болған. 2 мамыр күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша науқаста Covid-19 диагнозы нақтыланды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
02.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде инфекцияны жұқтырған 154 адам анықталды, оның ішінде бір адам қайтыс болды, 68 науқас жазылып шықты.
23.00 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 57 адам тіркелді, оның ішінде:
- Алматы – 38;
- Жамбыл облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Батыс Қазақстан облысы – 1;
- Атырау облысы – 8;
- Павлодар облысы – 4;
- Қарағанды облысы – 1.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 857 адам анықталды.
22.00 – Covid-19 вирусын жұқтырған 2 науқас жансақтау бөлімінен тұрақты палатаға ауыстырылды:
- Жамбыл облысында ‒ 1 адам;
- Павлодар облысында ‒ 1 адам.
20.51 – Павлодар облысында 4 мамырдан бастап Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің өңірдегі шараларды жеңілдету туралы қаулысы күшіне енеді.
Дүйсенбіден бастап адамдар аз жиналатын және төмен эпидемиологиялық мәндегі кәсіпкерлік нысандары біртіндеп жұмысқа кіріседі, атап айтқанда, шаштараздар, сұлулық салондары, фотосалондар мен гүл сататын дүңгіршектер, екінші деңгейлі банктер, Қазпошта, нотариустар мен адвокаттар, ХҚКО (заңды тұлғалар үшін), ТҚС және дөңгелек жөндеу, құрылыс және сақтандыру компаниялары, медициналық орталықтар, химиялық тазалау және стоматология жұмыстарын қайта бастайды.
Толық тізіммен Павлодар облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің парақшасында орналасқан Бас санитар дәрігерінің №6 қаулысынан танысуға болады.
20.39 – Қазақстанда тағы 10 адам коронавирустан емделіп шықты:
- Алматы – 5;
- Жамбыл облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 4.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 995.
18.30 – Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 14;
- Алматы – 5;
- Шымкент – 1.
Елімізде барлығы 985 адам Covid-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.
18.22 – Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға екінші мәрте гуманитарлық көмек жіберді.
Джек Ма 50 мыңнан астам коронавирусты анықтауға арналған тест және ауыр халде жатқан науқастарға арналған жасанды дем алдыру аппараттарын жіберді. Тестілер мен медициналық жабдықтар вирусты жұқтырғандарды қабылдайтын клиникаларға беріледі. Жақын арада елімізге Түркия мен Оңтүстік Кореядан медициналық мақсаттағы гуманитарлық жүк жөнелтіледі.
17.46 – Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 адам туралы ақпарат:
Қазығұрт ауданының 1997, 1994, 1973 және 1957 жылғы тұрғындарының Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар, скринингтік зерттеу барысында Сарыағаш ауданының 1993 жылғы тұрғынының да коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі таңда, аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
02.05.2020 ж. сағат 17:25-тегі жағдай бойынша Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 134-ке жетті.
17.25 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 15 адам тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 3;
- Алматы облысында – 1;
- Қызылорда облысында – 1;
- Түркістан облысында – 5;
- Атырау облысында – 5.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 800 адам анықталды.
16.10 – Қазақстанда тағы 25 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтанда – 3;
- Алматыда – 20;
- Атырау облысында – 1;
- Қарағанды облысында – 1.
Елімізде барлығы 965 адам Covid-19-дан емделіп, сауығып шықты.
14.04 – Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам туралы ақпарат:
Covid-19 инфекциясын жұқтырған адам – Түркістан қаласының 1993 жылғы тұрғыны.
Диагноз науқасты тексеру барысында қойылды. Аталған азаматпен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынып жатыр. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
02.05.2020 ж. жағдай бойынша қазіргі таңда Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны – 129.
Оқи отырыңыз: "Өзіңізге де балаңыздай қараңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІІ-IV бөлімдер
14.00 – Мақтаарал ауруханаларында Covid-19 инфекциясымен ауырған науқастар жоқ.
Түркістан облысының әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған аймақта 4 елдімекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатса, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ. Дәрігерлер індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды.
Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.
13.58 – Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам туралы ақпарат:
Теміртау қаласында коронавирусты жұқтырған 1 адам тіркелді, ол - 1986 жылғы әйел адам. Бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қатынаста болған. 2 мамыр күнгі ПТР талдау нәтижелері бойынша науқасқа Covid-19 диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
2020 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша өңірде инфекцияны 153 адам жұқтырған, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 67 науқас жазылып шықты.
13.53 – Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған адам – 1972 жылы туған ер адам, Қызылорда қаласының тұрғыны. Ол Атырау қаласынан келген, вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Осыған байланысты ПТР анализдері алынды. Зерттеу қорытындысымен коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі таңда науқас жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?
13.45 – Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 114 адам тіркелді, оның ішінде:
- Нұр-Сұлтанда – 10;
- Алматыда – 64;
- Шымкентте – 2;
- Түркістан облысында – 1;
- Қарағанды облысында – 1;
- Жамбыл облысында – 3;
- Маңғыстау облысында – 5;
- Қызылорда облысында – 1;
- Алматы облысында – 2;
- Ақтөбе облысында – 25.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 3 785 адам анықталды.
13.10 – Қазақстанда тағы 18 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтанда – 5;
- Ақмола облысында – 2;
- Қызылорда облысында – 8;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2;
- Түркістан облысында – 1.
Елімізде барлығы 940 адам Covid-19 вирусынан емделіп, сауығып шықты.
12.30 – ҚР Тұңғыш Президентінің қорынан Солтүстік Қазақстан тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілуде.
Солтүстік Қазақстан облысының 11 мыңнан астам тұрғынына "Біргеміз" қорынан қаржылай көмек көрсетілді. Бұл қор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған.
Қордың өңірлік филиалына жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттар 30 млн-нан астам теңге жинады. Бұл қаражат облыстың мұқтаж азаматтарына азық-түлік себеттерін беруге жұмсалды.
Еріктілер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына екі мыңға жуық қорап азық-түлік жеткізді. Сонымен қатар, 11 513 адам 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды.
Көмек алушылардың қатарында І және ІІ топтағы мүгедек жандар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы аналар және аз қамтылған азаматтар бар. Мұқтаж жандарға "Біргеміз" қорынан көмек бұдан әрі де көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Мектепте тарих пәнін медицина тарихын оқытудан бастау керек
11.48 – Әкімдіктер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының өкілдеріне коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетуде белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда өтінімдерді қабылдау жұмыстары қолға алынды. Мамыр айында сәуір айының қорытындысы бойынша, шоттар белгілі болғаннан кейін төлем жасалады.
Әр ай үшін 15 мың теңгеден есептеледі. Егер 2 айда шот 30 мың теңгеден кем болған жағдайда, қалған ақша келесі айға есептеледі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда, көп балалы отбасыларда, мемлекеттік қызметтерді орындау барысында қайтыс болған адамдардың отбасыларында коммуналдық қызмет көрсетушімен келісімшарт бір адамда болса, жеткілікті.
Алдын ала есептеу бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуде 1 млн 600-ге жуық отбасы көмек алады.
11.10 – Ақмола облысында коронавирус инфекциясы табылған адам туралы ақпарат:
Коронавирусты 1971 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны жұқтырған.
Науқас Нұр-Сұлтан қаласында вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін оқшауланған. Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылады. Санитарлық қызмет мамандары байланыс жасаған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде.
Облыс стационарларында 316 науқас емделіп жатыр, оның ішінде провизорлық стационарда ‒ 64, карантиндік стационарда ‒ 224, жұқпалы аурулар стационарында ‒ 28. Үй карантинінде ‒ 723 адам.
Ақмола облысында вирусты жұқтырған 100 адамның 88-і Целиноград ауданында, Аршалы ауданы мен Көкшетау қаласында ‒ 4 адамнан, Шортанды ауданында 2, Ақкөл және Егінді аудандарында ‒ бір-бір адамнан.
10.25 – Коронавирус жұқтырған тағы 74 адам тіркелді:
- Алматы – 26;
- Нұр-Сұлтан – 16;
- Атырау облысы – 15;
- Батыс Қазақстан облысы – 10;
- Ақтөбе облысы – 4;
- Қызылорда облысы – 1;
- Ақмола облысы – 1;
- Павлодар облысы – 1.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.