Тікелей эфир

Энергетик сусынға тыйым: Оны оқушылардың 12 пайызы күн сайын ішеді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады.

Жаңа заңның нұсқасына сәйкес, мұндай сусындарды автоматтарға қоймайды, жарнамасына да бұдан былай жол жоқ. Бұл орайда Астана ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының нефролог дәрігері Шолпан Садықова энергетикалық сусындардың құрамын талдап, оның ағзаға тигізер әсерін айтып берді. 

Жүйке жүйесін қоздырады

Энергетиктер – жүйке жүйесінің қозуын және уақытша күш ағынын тудыратын сусындар. Алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1927 жылы фармацевт Уильям Уокер Хантер Glucozade деп аталатын сусын жасады, ол дүние жүзі бойынша алғашқы энергетик еді. Алайда ауқымды өндіріс 1962 жылы Жапонияда басталды. 80-жылдардың басында энергетиктер Еуропа мен АҚШ-та кеңінен таралды.

"Өндірушіге қарамастан, барлық энергетиктер құрамы жағынан ұқсас. Олар үш негізгі компоненттің есебінен жұмыс істейді: көп мөлшерде қант, жоғары дозалы кофеин және таурин. Олардың құрамында тұрақтандырғыштар мен консерванттар бар. Осының бәрін ескере отырып, бұл сусындарды денсаулыққа қауіпті деп атауға болады", – деп атап өтті Шолпан Садықова. 

Энергетиктердің зиянын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады. Зиянды әсер дәрумендер мен аминқышқылдарының концентрациясына байланысты. Кофеинмен бірге олардың нормасынан асып кетуі, әсіресе, кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, сондай-ақ қант диабеті және басқа да аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Сонымен қатар, кофеин тәуелсіз зат ретінде басқа жанама әсерлерді тудыруы мүмкін.

"Кофеинді артық тұтыну галлюцинация мен эпилепсиялық ұстамаларға қауіп төндіреді. Мен 18 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды қабылдауға кеңес бермеймін. Қант құрамының жоғарылауы қант диабеті мен семіздіктің даму қаупін арттырады. Бұл сусындарды ішетін балаларда атриальды фибрилляция байқалды, тіпті энергияны тұтыну аясында миокард инфаркті тууы мүмкін", – деп ескертеді дәрігер.


Оқи отырыңыз: Энергетикалық сусын – елірткіш жаңа есірткі ме, әлде жай сусын ба?


Кардиологтар егер бала кейде энергетик ішетін болса, бұл жүрек ауруына, ал кейбір жағдайларда оның тоқтап қалуына әкелуі мүмкін екенін бірауыздан айтып, дабыл қағуда. Жүрек, қан тамыр жүйесі ғана емес, жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары, бүйрек те зиян шегеді, қан қысымы көтеріледі.

"Жүргізілген зерттеулер жасөспірімдерде энергетикалық сусындарды қабылдау мен агрессивті мінез-құлық арасындағы корреляцияны анықтады. Әсіресе, оларды күнделікті ішетіндерде осы нәрсе байқалды. Жалпы, зерттеу нәтижелері көптеген жағымсыз реакцияларды сипаттайды. Әр түрлі елдердің дәрігерлерінен энергетикті тұтынудың жағымсыз салдары туралы хабарламалар келіп түседі. Олардың қауіптілігі мен тыйым салу мәселесі бүкіл әлемде талқылануда. Қазақстанда да бұл мәселе өршіп тұр", – деп есептейді Садықова.

Энергетиктен аурухана төсегіне дейін

2022 жылғы статистикаға сәйкес, қазақстандықтар күн сайын 30 мың литр энергетикалық сусын ішкен. Бір ғана Алматыда бір жылда тоғыз мың литр, яғни күніне 50 мыңға жуық бөтелке мен банка сатылды.

Тұтынушылардың едәуір бөлігі – балалар (оқушылардың 12%-ы күн сайын энергетик ішеді) және 25 пен 40 жас аралығындағы ер адамдар. Бұл – негізінен түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер немесе үлкен физикалық күш салатындар. Көптеген адамдар ауруханаға түскеннен кейін, бір уақытта бір емес, екі емес, үш энергетик ішетінін мойындады.

"Иә, әрине, есте сақтау қабілеті жақсарады, көңіл-күй мен өнімділік жоғарылайды, бірақ бұл жоғарыда аталған қауіптің қасында қысқа мерзімді әсер ғана. Энергия жоғарылайды, кейін төмендейді, өйткені дене ағзаның ішкі қорынан күш алады", – дейді нефролог.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынбақ


Сарапшылардың сөзінше, бір айда бір банка энергетик ішетіндер қорықпаса болады. Алайда, дәрігерлер энергияны мүлдем ішпеуге кеңес береді, өйткені сергітетін коктейльдерге деген құштарлық тәуелділікке әкелуі мүмкін және денеге "допингсіз" жүру қиын болады.

"Иә, жоғарыда айтылғандардың ешқайсы сізде де, сіздің балаңызда да болмауы мүмкін, бірақ ойланыңыз: сіз өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын қатерге тігер ме едіңіз?" – деп сұрайды маман.

Энергетикалық сусындарды өндірушілердің өздері олардың өнімдері қауіпсіз деп сендіреді, бірақ медициналық қоғамдастықта тұтынудың салдары туралы алаңдаушылық артып келеді. Қоғам қайраткерлері де дабыл қағуда – энергетиктерді балаларға бақылаусыз сату болашақта ұлттың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін, сондықтан мұндай сусындарды 18 жасқа толмаған адамдарға сатуды шектеу туралы үндеулер жиі естіледі. 

Наталья Овчинникова

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары