Денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.
Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, жаңа тәртіп балалар мен жасөпірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталып отыр. Соңғы деректер бойынша, елдегі жеткіншектердің 17,5%-ы дәл осы энергетиктер мен тәтті сусындарға әуес, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазіргі уақытта он жастағы жеткіншек үшін энергетикалық сусынды сатып алу қиындық тудырмайды, себебі сусынның бұл түрін сатуға ешқандай шектеу жоқ. Энергетикалық сусын шамадан тыс ішілген жағдайда қан қысымы немесе қандағы қант деңгейі шамадан тыс көтеріледі. Сол себепті енді тиісті заңға "энергетикалық сусындар" деген жаңа түсінік енгізілмек.
21 жасқа толмағандарға сусынды сатуға тыйым салынбақ. Алматылықтар да жастарға энергетик сатылмауы тиіс деп санайды.
"Энергетикалық сусынды 18 жастан жоғары балалар алғаны дұрыс деп ойлаймын. Ауру атаулы осы сусындардың салдарынан болады, сондықтан энергетик он жастағы балаларға емін-еркін сатылуына қарсымын", – деді кәсіпкер Ердәулет Әбуқасымов.
Оқи отырыңыз: "Алкогольсіз сусын өндірушілер банкротқа ұшырайды". Құрамында қанты бар сусындарға акциздік салық енгізу неге соқтырады?
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, қазір жасөпірімдердің 17,5%-ы энергетикалық және тәтті сусын ішеді. Ал, мұндай сусындардың жас ағзаға зияны көп.
"Энергетикалық сусындарды балаларға, жастарға сатпау жөніндегі норма қарастырылып жатыр. Біз бұл норманы құптап отырмыз", – деді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Әзірге жаңа ережелердің нақты қашан қабылданатыны белгісіз.
Оқи отырыңыз: Табиғи қант алмастырғыш. Отандық ғалымдар стевияны жаппай көбейту технологиясын әзірледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
264
-
0
-
2
-
-
2💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
238
-
0
-
1
-
-
3Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
234
-
0
-
0
-
-
4🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
254
-
0
-
0
-
-
5🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
276
-
0
-
0
-
-
6🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
226
-
0
-
6
-
-
7⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
217
-
0
-
1
-
-
8📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
200
-
0
-
0
-
-
9🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
201
-
0
-
2
-
-
10"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетовтің Бас Прокурор Берік Асыловқа Павлодар облысының фермерлеріне асылтұқымды малды шетелден жеткізу кезіндегі құқықбұзушылықтар жөнінде жолдаған депутаттық сауалы.
-
185
-
0
-
1
-