USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

АҚШ-та жүк тасымалы саласында жұмыс істеу қиын ба? Сарапшы пікірі

Фото: Сәбит Амербаевтың жеке архивінен
Фото: Сәбит Амербаевтың жеке архивінен
Сәбит Амербаев АҚШ-та жүк тасымалдау саласында компания ашу жолы туралы баяндады.

АҚШ-та жүк тасымалы – триллион долларға жуық айналымы бар, экономиканың негізгі тірегінің бірі. Бұл салада табысқа жету үшін тек тәжірибе емес, төзім, жүйе және жоғары жауапкершілік қажет. Мен де осы нарықта нөлден бастап, ауыр және габаритті жүк тасымалдау сегментінде компаниямды кеңейтіп жатырмын.

АҚШ-та жүк тасымалы – экономиканың "күретамыры". Америкадағы жүк тасымалы индустриясының жылдық табысы 900 миллиард АҚШ долларынан асады. Елдегі барлық жүктің шамамен 72%-дан астамы автокөлік арқылы тасымалданады.

Жыл сайын жүк көліктері 11 миллиард тоннадан астам жүк жеткізеді. Салада 8 миллионнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 миллионы – жүргізушілер. Бұл статистикадан АҚШ-та логистика тек бизнес емес, тұтас экономикалық жүйе екенін аңғаруға болады.

Мен де осы алып нарықта өз орнымды тапқан кәсіпкермін. Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келіп, 2016 жылы АҚШ-қа көшіп, жаңа өмір бастадым. Қазақстанда логистика саласында білім алғандықтан, бұл бағытта тәжірибем болды. АҚШ-тағы жүк көлігімен тасымалдау нарығының бір ерекшелігі – оның басым бөлігін шағын бизнес құрайды. Компаниялардың 90%-дан астамында жүк көлігінің саны оннан аспайды. 2017 жылы жүк көлігін жүргізуге арналған лицензия алып, компанияда жұмыс істей бастадым. Алты жыл ішінде тәжірибе жинап, досыммен бірге  US 50 Road LLC компаниясын аштым. Кәсібімді бір ғана жүк көлігімен бастадым.

Басында бәрін өзім істедім. Жүкті өзім іздедім, брокерлермен сөйлестім, диспетчер де, жүргізуші де өзім болдым. Нарықтағы басты қиындық – сенім. АҚШ-та компанияның тәжірибесі мен тарихы маңызды рөл атқарады. Жаңа компанияға бірден тапсырыс алу қиынның қиыны. Соған қарамастан, уақыт өте келе бизнес жүйеленіп, компаниямызда бүгінде оннан астам ауыр жүк тасымалдайтын көлік бар. 

Көп компания жеңіл және стандартты жүктерді тасымалдағанды жөн санайды. Ал мен, керісінше, ауыр және габаритті жүктерге (RGN) басымдық бердім. Бұл сегменттің ерекшелігі: қатаң ережелер, арнайы маршруттар, жоғары қауіпсіздік талаптары, үлкен жауапкершілік. Кейде 90 мың фунттан асатын жүк тиеген көлікті арнайы уақытпен, арнайы бағытта жүргізу қажет. Сондықтан бұл жұмысқа кез келген адам шыдай алмайды.

Кез келген салада ең алдымен адамның еңбегі бағалануы керек. Сондықтан қызметкерлерге жағдай жасау үшін қауіпсіздік стандарттары, икемді жұмыс кестесі, тұрақты табыс, әлеуметтік қолдауға баса мән беремін. Өзім де осы жолдан өткен соң жүк көлігін жүргізушілердің еңбегін жақсы түсінемін. 

Қауіпсіздік – бұл саладағы негізгі талаптардың бірі. Ауыр жүк тасымалы жол қозғалысына тікелей әсер етеді, сондықтан әрбір маршрут мұқият жоспарланады.

АҚШ-та жүк тасымалы нарығы алдағы жылдары да өседі деп болжанып отыр. 2035 жылға қарай тасымал көлемі 14 миллиард тоннаға дейін жетуі мүмкін. Мен де компаниядағы жүк көліктерінің санын 100-ге жеткізуді, өзімнің жеке Kazak Express INC компаниямды ашуды, жүргізушілердің жұмыссыз қалмауына көмектесетін цифрлық платформа жасауды жоспарлап отырмын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау