Тікелей эфир

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттықты не күтіп тұр?

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
2023 жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңгені құрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында экономиканың негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өскенін айтты. Сондай-ақ ол "Орталық Азия – Қытай" саммитінде "Қытай мен Орталық Азия тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар екеніне тоқталды. 

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасымен тауар айналымын көбейтудің маңызды екенін айтқан болатын. Осы орайда Khorgos Jin Yi International Trade Group компаниясы бас директорының орынбасары Юй Хуаньнан биыл екі ел арасында сауда-саттық саласы бойынша қандай келісімдер жасалатынын сұрап көрдік.  

"2024 жылдың аяғына дейін Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасына жалпы құны 50 миллион доллар болатын көкөніс экспорттайды. Мұнымен қатар Қытай Халық Республикасы Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасында жалпы құны 50 миллион юань болатын қойма салады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың он алты компаниясы бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қояды", – деді Юй Хуаньнан.

Алда Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері "Бір белдеу, бір жол" жаһандық жобасын іске асыру аясында "Қорғас" ШЫХО-да ашылған алғашқы бизнес-конференцияда достықты нығайту және сауданы кеңейту жолдарын талқыламақ. Шараға Қорғас қаласының мэрі Пей Льюпин мен СҰАА жергілікті билігінің өкілдері және Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысады. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Жыл соңына дейін Вьетнаммен сауда-саттық 1 миллиард долларға жетеді


Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта қандай жаңалық бар?

"Біздің елдерімізді, халықтарымызды өзен-таулар мен ерекше достық байланыстырып тұр. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай президенттері мен өзге де қызметкерлердің арқасында бұл байланыс тереңдей түсті, серіктестік аясы кеңейді. Елдеріміз 2024 жылдың соңына дейін 50 млн доллардың көкөнісін экспорттау туралы меморандумға қол қойды. Мұнымен қатар біз Қазақстанда салғалы отырған қойманың көлемі 8 млн шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта бірігіп жүзеге асыратын жобаларымыз өте көп", – деді Khorgos Jin Yi International Trade Group компаниясы бас директорының орынбасары Юй Хуань.

2023 жылы тіркелген жобалардың жалпы құны 26 млрд теңгеге жеткен. Ал биыл 16 компания өзара ынтымақтастық туралы келісімге келмек. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары