Тікелей эфир

Кезекші сынып, тегін компьютер, 14 жаңа мектеп. Елордада жаңа оқу жылы қалай басталады?

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен 100 пайыз қамтылады.

Алдағы оқу жылында елордалық мектептерге 202 мыңдай оқушы қабылданады деп жоспарланып отыр. Ал, 27 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Бірінші сыныпқа баратын балалардың құжаттары қағаз түрінде Egov.kz электронды порталы арқылы қабылданады. Қазірге дейін 12 453 өтініш қабылданған.

Ал, колледждерге 8 мың студент қабылданады деп күтілуде. Оның 139-ы – ерекше білім беруді қажет ететін балалар.

Кезекші сыныптар қалай жұмыс істейді?

1 қыркүйектен бастап елорда мектептеріндегі сабақтар қашықтан оқыту форматында басталады. Сондай-ақ, биыл ата-аналардың өтінішімен бастауыш сынып оқушыларына арналған кезекші сыныптар іске қосылмақшы. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталады. Кезекші сыныптарда оқитын балалардың саны 10-15-тен аспауы қадағаланады. Сабақтар бір кабинетте өтеді, бірақ, үзіліс уақыты әр сынып үшін әртүрлі болады. Мектептер дезинфекция құралдары және тепловизормен жабдықталады. Кейбір сабақтар бұрынғыша онлайн режимде оқытылады.

Кезекші сыныптар дұрыс жұмыс істеуі үшін:

  • баласын кезекші сыныпқа әкелген ата-аналар мектеп ғимаратына кірмейді;
  • мектептің кіреберісіне зарарсыздандырылған кілемшелер төселеді;
  • кіреберісте оқушының температурасы тексеріледі;
  • қол жуып, маска тағу қадағаланады;
  • барлық қабат пен кезекші сыныпта санитайзер орнатылады;
  • сынып ішін желдетіп, кварцтау және ылғалды тазалау кестесі жасалады;
  • медицина кабинетінің жанынан оқшаулау бөлмесі жасақталады.
Оқи отырыңыз: Балабақша, мектеп, ЖОО. Биылғы оқу жылының ерекшеліктері қандай?

Кімдерге компьютер мен тегін интернет беріледі?

  • әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балаларына – 6 994;
  • жетім балаларға – 689;
  • ерекше білім беруді қажет ететін балаларға – 4 377;
  • көпбалалы отбасылардың балаларына (әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар санатына кірмейді) – 20 мың;
  • мұғалімдерге – 1 233;
  • басқаларға – 2 444.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылында оқушылар оқулықпен толықтай қамтылады деп жоспарланып отыр. Оқулықтар 1 қыркүйекке дейін таратылады.

Педагогтарды дайындау процесі

  • Маусым айынан бастап "yardstream" жүйесі арқылы "Педагогикалық тәжірибе алаңы" жүзеге асырылып отыр. Қазақстандық мұғалімдер әлеуметтік желілер және "YouTube" арқылы елордалық мұғалімдердің тәжірибесін тамашалай алады. Қазірге дейін аталған жоба 15 мыңнан астам қаралым жинаған.
  • Қазір білімді жаңғырту орталығы "астаналық электронды мектеп" деп аталатын электронды платформасын жетілдіріп жатыр. Ол жерде сабақтардың қысқа мерзімді жоспары, бейнесабақтар, білім берудің сандық ресурстары және т.б. орналастырылады. Бұл платформаға білім берудің барлық сатысында жұмыс істейтін педагогтар кіре алады.
  • 24-29 тамыз аралығында 9958 педагог "Қашықтан оқытуды үйренемін" онлайн-курсына қатысады. Аталған курс 5 модульден тұрады. Ұзақтығы - 40 академиялық сағат. Курста мұғалімдер қашықтан оқытудың түрлері және ерекшеліктерімен танысып, онлайн-сабақтарды жоспарлауды үйренеді.
Оқи отырыңыз: 42500 теңге. Шілде айында бұл әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

Колледждерге құжат тапсыру қалай жүзеге асады?

  • Колледж студенттері де жаңа оқу жылын қашықтан оқу режимінде бастайды. Білім берудің дәстүрлі форматы санитарлық талаптар қатаң сақталған жағдайда, алғашқы және соңғы курс студенттеріне кәсіби практика үшін ұйымдастырылуы мүмкін.
  • Колледждерге құжат қабылдау процесі 20 маусымнан 25 тамызға дейін созылады (жұмысшы кадрлар үшін 27 тамызға дейін). Құжаттарды Egov.kz электронды порталы арқылы немес қағаз түрінде колледждің қабылдау комиссиясына өткізуге болады. Қазірге дейін елордалық колледждерге 3 589 талапкер құжат тапсырған. Ескерерлік бір нәрсе, қазір мектеп, колледждерге медициналық анықтама тапсыру талап етілмейді. Оны кейінірек өткізуге болады.
  • Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түскісі келетін талапкерлер онлайн түрде шығармашылық емтихан тапсырып, қабылдау комиссиясына өз портфолиосын ұсынуы тиіс.

Елордада 2 мыңнан астам педагогқа орын бар

Қазір астаналық білім беру орындарында 2 мыңнан астам қызметкерге жұмыс дайын. Негізінен, бастауыш сыныптарды орыс тілінде оқытатын мұғалімдер, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, дефектологтар мен логопедтер, мектепке дейінгі білім беру саласының тәрбиешілері жетіспейді. Таяуда педагогтарды жұмысқа тарту мақсатында мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесіне қатысқан. Сондай-ақ, үміткерлердің түйіндемелері enbek.kzпорталында қаралады. Қазірге дейін бұл порталға 300-ге жуық түйіндеме келіп түскен. Одан бөлек, үміткерлер HR порталына тіркеліп, өтініш бере алады.

Қандай жаңа мектептер ашылады?

Осы жылы 10100 оқушы сыятын 14 ғимарат іске қосылады деп жоспарланып отыр. Олар:

  • Мичурино тұрғын алабындағы мектеп – 600 орын;
  • Т. Рысқұлов және № 36, Е171 көшелерінің қиылысындағы мектеп – 900 орын;
  • Оқжетпес және Ш. Бөкеев көшелерінің қиылысындағы мектеп – 900 орын;
  • Ұлы Дала даңғылы мен № 39 көшенің қиылысындағы мектеп – 1200 орын;
  • Тайбурыл көшесіндегі № 23 мектепке жапсарлас құрылыс – 600 орын.
Серіктестер жаңалықтары