Ішкі істер министрлігінің жабық қорында 172 мың құжат "құпия" белгісімен сақтаулы

Бұл белгі репрессия құрбандарын ақтау жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Репрессия құрбандарын ақтау жұмысы мұрағаттың жабық қорларымен жұмыс істеуді талап етеді. Комиссия мүшелеріне рұқсат қағаздары берілгенімен, әлі де кейбір құжаттарға қол жеткізуде қиындықтар туындап жатыр. Жабық қорлар мен кейбір ведомстволардағы мұрағаттардағы ақпаратпен танысу үшін оларға таңылған "құпия құжат" белгісін алу керек. Сондықтан комиссияның екінші отырысында осы мәселеге қатысты қосымша шешім қабылданды.

Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, олар – кеңестік кезеңнен бері "құпия" белгісімен қалып қойған құжаттар.

"Оның негізінде Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірігіп арнайы комиссия құрдық. Комиссия құжаттарды құпиясыздандыру процесімен айналысады. Бұл тек біздің жұмысымызды ғана емес, ата-бабасын іздеп жүрген азаматтардың да іздеу салуын жеңілдетеді. Құжаттарды құпиясыздандыру өңірлердегі мұрағаттарда да жүргізіледі", – деді Берік Әбдіғалиұлы. 


Оқи отырыңыз: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы заң жобасы әзірленеді


Тек Ішкі істер министрлігінің жабық қорында 172 мың құжат "құпия" белгісімен сақтаулы. Құжаттарды құпиясыздандыру бір жылдан көп уақыт алуы мүмкін. Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, қазіргі кезде Ресей, Украина және бұрынғы кеңестік басқа да елдерде кейбір құжаттар ғаламторда, кітаптарда жарияланып жатыр. Ал Қазақстанда бұл қажаттар әлі де құпия күйінде сақтаулы.

Поделиться:

informburo.kz в Instagram:

следите за самыми важными новостями в ленте и в сториз

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары