Биылғы 27 сәуірден бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілген.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota Online мобильдік қосымшасына түскен бірқатар сұрақтарға жауап ұсынды. Кезекті сұрақтардың бірі ипотеканы қайта қаржыландырумен байланысты.
Сұрақ: Мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын мүгедек баланың қамқоршысымын . Менің ипотекалық қарызым бар, ипотекаға пәтер алдым. Қазіргі уақытта төлей алмай жатырмын. Не істеуге болады?
Жауап : Ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың борыш жүктемесін төмендету және жалғыз баспанасын сақтау үшін 2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.
2021 жылғы 27 сәуірден бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес қаржылай қолдау шаралары кәмелетке толмаған және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ тәрбиесінде (қамқорлығында) ХӘОТ мәртебесіне ие адам бар және еңбекке қабілетсіз адамдарды ұстауға, емдеуге жұмсалатын шығыстары бар қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқорлыққа алу 2021 жылғы 1 қаңтар бойынша расталуға тиіс.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады. Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін Сізге өзіңіздің кредитор банкке өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіну қажет.
Оқи отырыңыз:
- Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
- Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-