Боксшы қыздың басты мақсаты – әлемнің абсолютті чемпионы болу.
Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы, қазақстандық спортшы Фируза Шарипова WBA-ның жаңартылған рейтингінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Информбюро ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әйелдер арасында жеңіл салмақ дәрежесінде басты белдік иегері бұрынғыдай Ирландия боксшысы Кэти Тейлор. Шарипова екінші орыннан бірінші орынға көтеріліп, осылайша, Тейлор үшін міндетті үміткер атанды.
Ирландия спортшысы бұған дейінгі жекпе-жегін Наташа Джонаспен өткізген. Бұл кездесуге дейін ол рейтингте төртінші орында тұрған, бірақ жеңілгеннен кейін 12-ші орынға бір-ақ сырғыды. Бұл ретте Джонастың Тейлорға қарсы жекпе-жегі тең дәрежеде өткен, ағылшын спортшысы ең аз есеппен ұтылды: 96-95, 96-94, 96-95. Кепілдендірілген гонорарлар (бонусты есепке алмағанда) Тейлор үшін 1,38 миллион долларды, ал Джонас үшін — 485 мың долларды құраған.
Егер Фируза Шарипова мен Кэти Тейлордың жекпе-жегі өтіп, онда қазақстандық спортшы жеңіске жетсе, ол негізгі нұсқалар бойынша әлем чемпионының барлық төрт белдігін жинамақ. Бұл Қазақстан үшін жаңа рекордтық жетістік болады. Кәсіби мансабы жолында Шарипова өзінің басты мақсаты – әлемнің абсолютті чемпионы болу екенін мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
- Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"
- Қанат Ислам: Көрінгеннің сынына құлақ асатын уақытым жоқ
- "GGG – қазақстандық феномен". АҚШ-тағы қазақтар Геннадий Головкинді қалай қолдады?
- Сидней алтынын сыйлаған Саттарханов. Бекзаттың өмірден өткеніне 20 жыл
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
273
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
238
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
250
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
240
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
244
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
204
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
192
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
195
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
193
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
201
-
0
-
0
-