Риэлтордың міндеті. Ол қандай қызметі үшін ақша алады?

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды

Риэлтор қызметінің құны нарықта 30 мың теңгеден басталады.

"Риэлтор" түп төркіні ағылшынның "realty" "жылжымайтын мүлікті сатушы» деген ұғымынан шыққан сөз. Ал қарапайым сөзбен айтсақ, ол – сатып алушы мен сатушының арасындағы барлық керек құжаттарды ретке келтіріп немесе жылжымайтын мүлікті жалға алып беру үдерісін үйлестіретін кәдімгі делдал. 

Әдетте бізде маклердің тәуекелдері мен артықшылықтарын толық түсіне бермейді. Мәселен, риэлторлар не үшін төлейді және олар қандай функцияларды орындауға міндетті?

Риэлтор қызметі  – кәсіпкерлікке жатады. Сондықтан онымен айналысу үшін міндетті түрде Жеке кәсіпкер немесе ЖШС ретінде мемлекеттік тіркеуден өту керек. Яғни, қатынастар азаматтық-құқықтық заңнамалық актілерге, Ата заң, Азаматтық, Салық кодексі және Заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңға сәйкес реттеледі.

Риэлтордың міндеті

Жауапты және заңды риэлтор: 

  • Нұсқаларын ұсыну – бұл толыққанды сатып алушының шарттары мен бағасына сай келетін мүлікті іздеу болуы тиіс. Саудаласу мен келісім кезінде көмек көрсетуі керек.  
  • Клиенттерді іздеу – сататын үйді немесе пәтерді  суретке түсіру, жарнама және хабарландыру беруді олар қамтамасыз етеді; 
  • Ресімдеу – Объектінің құжаттарын тексеру, клиенттің төлем қабілеттілігін анықтау,  сату және сатып алу шартын,  жалға алған жағдайда-рента шартын жасасуда көмек беру.

Қызметінің құны

Тұрғын үйді сатып алу-сату шарты жағдайында риэлторлар әдетте жылжымайтын мүлік құнының 1 пайызын немесе 1000 доллар шегінде қызметінің құнын көрсетеді.

Бұл ретте, егер маман жеке компанияның қызметкері болса, онда ол комиссия сомасының 50 пайызын алады. Ал жылжымайтын мүлікті жалға беру бойынша қызмет көрсету жағдайында-шамамен 30 мың теңге немесе жалдау құнының 20 пайызы.

Келісімдерге байланысты қызметтерді тек жалға алушы немесе екі тарап бірден төлей алады. 

Негізінде, өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенсек, сатып алушы не жалға алушы риэлторлық қызметке пайыздық ақы төлемейді. Онсызда жалға алу үшін не сатып алу үшін қаражат жұмсайды, оның үстіне құжат рәсімдейді деп саналады.

Дамыған елдерде мемлекет азаматтардың құқығын қорғау үшін риэлторлық қызметті реттеуге белсенді араласады. Мәселен, АҚШ-та, Германияда, Канада да риэлторлықты реттеуге қатысты нақты талап қойылған. Ұлыбритания, Бельгия, Испания елдерінде де осындай қызмет нарығын реттеу қызметі ерекше назарда.

Еуропа елдерінде жекеменшiктің иесi сататын үйiн алушыға өзi көрсетпейді, риэлторлардың көмегiне жүгiнедi. Әрбiр сатылатын нысанда риэлторлық компанияның байланыс телефоны көрсетiледі. Бiрiншi кезекте олар ұсынылатын қызметтiң сапасына жауап беруi тиiс.

Батыс риэлторық қызметтік философиясы – клиентке оның мүлкін тезірек сатуға көмектесу. Сол себепті қызметке ақыны кіріс кіретін жақ төлейді. Ал сатушы мен жұмыс жасаған риэлторлар табысын сатып алушының қызығушылығын қорғаған агенттікпен бөліседі. Олар да пайыздық ақымен жұмыс істейді және орта есеппен қызмет құны 5 пайыздан аспайды.


Оқи отырыңыз: Пәтер жалдау немесе ипотекаға баспана алу: қайсысы тиімді?


Риэлторды қалай таңдау қажет?

Риэлтор таңдайтын кезде нақты 6 қағидаға мән берген жөн.

  1. Жылжымайтын мүлік нарығындағы агенттіктің беделі;
  2. Ұсынылатын қызметтің тізімі;
  3.  Cенімділігі мен қауіпсіздігі;
  4. Компанияның кепілдік міндеттемелері;
  5. Риэлторлық агенттіктің комиссия мөлшері;
  6. Сервистің сапасы. 

Шартты мұқият оқу керек

Ақпараттық қызмет көрсететін заңсыз риэлторлардың негізгі құрбандары – жас әрі тәжірибесіз адамдар. Мұндай адамдар көбінесе шартты оқуға құлық танытпайды. Сондықтан, мамандар пәтерді жалға не сатып алардан бұрын, сондай-ақ, қызмет үшін ақы төлер алдында шартты мұқият оқуға кеңес береді.

Құжатта екі тараптың да құқықтары мен міндеттері қалай жазылғанына мән беру керек. Сосын риэлтордың құжаттарын тексеруден ұялмау керек. Ол расымен осы саланың маманы ма, жылжымайтын мүлік нарығында қызмет көрсетуге рұқсат құжаты бар ма? Әр тұтынушы осы сұрақтарға жауап іздесе, алаяқтарға алданушылар аз болар еді.


Оқи отырыңыз: Пәтер таңдауда неге мән беру қажет?


Риэлтормен жұмыс жасағанда нені білу керек?

Сізге өзін риэлтормын деп таныстырған адамнан қай агенттікте жұмыс жасайтынын сұраңыз. Кеңсе телефон номерін алып, компания басшысына қоңырау соғыңыз. Небәрі 10 минут уақытыңызды бөлсеңіз болғаны. Агенттік басшысы ол адамның өзінің қызметкері екенін растап, компанияның тіркеуден өткендігін растайтын ұйымның БИН-ін айтады. Ал, кеңсеге барып компанияның шынымен де бар екендігіне көз жеткізгеніңіз, тіпті жақсы. Тұтынушы ретінде сізге ол ешқандай қиындық тудырмауы тиіс, алданып қалмаудың бірден бірі жолы осы.

Келісім шарт жасасу

Келісім шарт жасау – міндетті талаптардың бірі, екі жақтың міндеттерін тізіп беретін бірден бір құжаттық негіз. Егер сіз жүгінген компания келісім шартсыз қызмет көрсететін болса, аулақ болғаныңыз жөн. Тіпті интернет компания екенін айтып сендірген күннің өзінде, риэлторлық қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалып, қол қоюыңыз керек. Себебі компанияның міндеттері мен жауапкершілігі келісім шартта көрсетіледі.

Аттестациядан өткендігіне көз жеткізіңіз: 

Риэлтор не агенттіктің аттестациялануы ерікті болып саналады. Дегенмен, аттестацияның болуы компанияның өз қызметіне жауапты екенін білдіреді.

Міндетті құжат тізімі, агенттіктер үшін:

  • компанияның жұмысының заңды екенін растайтын құжат;
  • сертификат;
  • кәсіби одактың мүшелігі;
  • бухгалтерлік құжаттар (түбіртек, шот-фактура, атқарылған жұмыстар актісі).

Риэлторлар үшін:

  • компанияда жұмыс жасауын растау;
  • аттестация.

Клиент үшін:

  • жылжымайтын мүлік объектісіне құқығын растайтын құжат;
  • жеке басын растайтын куәлік;
  • неке туралы куәлік (егер мүлікті некелі адам сатып алса, сату үшін жұбайының рұқсаты керек);
  • техпаспорт.

Поделиться:

informburo.kz в Instagram:

следите за самыми важными новостями в ленте и в сториз

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары