Ғалым Мәншүк Жексембекова: Қазақстанда күнделікті тағамға жаңғақ қосу мәдениеті қалыптаспаған

Мәншүк Жексембекова. Сурет: Informburo.kz
Мәншүк Жексембекова. Сурет: Informburo.kz

Алматы облысында ғалымдар 20 гектар жерге жаңғақтың үш түрін отырғызып, биыл алғашқы өнімді жинап алды.

Мәншүк Жексембекова көп уақыт АҚШ-тағы Техасс университеті мен Австрияның Вена биологиялық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2004 жылы ата-анасының денсаулығы сыр бере бастаған соң туған ауылы Түргенге оралып, әкесінің бизнесін қолға алады. Бүгінде ғалым Қазақстанда бау-бақша мен жаңғақ өсіру саласын дамытып қана қоймай, көкөніс отырғызумен айналысатын шаруа қожалықтарының иелерімен тәжірибесін бөлісіп жүр. Мәншүк Жексембекова өткізген тренингтер арқасында Еңбекшіқазақ ауданының жүздеген тұрғыны тамшылатып суару, шпалер, агрофибра әдістерін қолдану арқылы көкөніс пен жеміс өсіруді үйренді. 

Жаңғақ плантациясы – ғалым қолға алған бизнестердің алтыншы бөлігі ғана. 20 гектар жерге жаңғақтың үш түрі отырғызылған: грек жаңғағы, бадам, фундук. Піскен кезде бір гектардан 4 тонна жаңғақ жинап отыруға болады. Алайда егін туралы айту әлі ерте, себебі жаңа отырғызылған ағаштардың пісіп-жетілуі үшін кемінде 7 жыл қажет. Осы орайда, өсімдіктер вирусологиясы мен патологиясына қатысты зерттеулерін жалғастырып жүрген ғалым жаңғақ плантациясын көрсетіп, жұмыстардың жүргізілу барысы туралы әңгімеледі. 


Оқи отырыңыз: Алматының алмасын қалай ұлттық брендке айналдыруға болады?


– Жаңғақтарды 2017 жылы отырғызып бастадыңыздар, алғашқы өнімді шамамен қашан аласыздар?

– Биыл жаңғақтың барлық түрінен өнім алдық. Енді биохимия жағынан құрамында ақуыз бен майдың аз болмауын қадағалап отырмыз. Бұл үшін бірінші кезекте қорек пен күтім қажет. Жалпы жұмыстар осы қарқынмен жалғасатын болса, алда бір гектердан 5-7 тонна грек жаңғағын, 4 тонна фундук аламыз. Ал осындай өнім алу үшін бір гектарға 635 фундук, 208 грек жаңғағын отырғызуымыз керек. 

– Қазақстанда қоректендіруге қажет тыңайтқыштардың барлығы бар ма?

– Норвегияның Yara компаниясының суда еритін тыңайтқыштарын қолданамыз. Өкінішке орай, Қазақстанда біз сатылы түрде біріншісінен екіншісіне өтіп отыратын әрі суда еритін азот, фосфор, калий тыңатқыштары өте аз. Оның үстіне бұларды алмастыратын түрлері де жоқ. 

Сурет: Informburo.kz

Оқи отырыңыз: Шеттен миллиондарға әкелінген асыл тұқымды малдар жерсінбеді. Қазаққа қандай түлік қажет?


– Алматы қаласының жанында жабайы жаңғақ тоғайы бар. Оны селекция үшін қолданып көрдіңіздер ме?

– Бұл мәдениетті қалыптастыру үшін біраз уақыт керек. Оның үстіне жаңғақ екінші метаболитке кедергі келтіретін таниндер бөліп шығарады. Ыдырау процесі екі түрдің бірігуіне кедергі келтіреді. Сондықтан жаңғақты in vitro жағдайында өсіру өте қиын. 

– Қазақстанда фундук плантациясы бар ма?

– Біздің елде жоқ, бірақ көрші жатқан Украина, Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінде бар. Өзім халықаралық жаңғақ қоғамдастығының мүшесі болғандықтан, сол жердегі Network жүйесі арқылы қажет ақпаратпен алмасып отырамыз. Жыл сайын конференция мен көрмелер өткізіледі. Мұның барлығы Қазақстанды жаңғақпен толық қамтамасыз ету үшін қажет. 

– Қазақстан аумағын 100% қамту үшін қанша уақыт қажет?

– Бұл өте қиын сұрақ. Жақын 10 жыл ішінде бұл көрсеткішке жете алмауымыз мүмкін. Оның үстіне осы уақыт ішінде импортқа шығарылатын бөлігі бар. 

Сурет: Informburo.kz

– Ал біздегі қажеттілік көлемі қандай?

– Тоннамен есебін нақты айта алмаймын, бірақ бізде жаңғақты тұтыну бойынша көрсеткіштер бар. Қазақстан сол тізімде төменде тұр. Тіпті, Өзбекстан мен Ресейден де төмен. Әзірге күнделікті рационға жаңғақ қосу мәдениеті әлі қалыптаспады. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары