Тікелей эфир

Доллар бағамы тұрақсыз. Ақшаны қалай сақтасам болады?

Дина Лидің иллюстрациясы
Дина Лидің иллюстрациясы
Informburo.kz валюталар бағамы тұрақсызданғанда немесе өскен кезде, ақшаны қалай, қайда жаратудың үш түрлі тәсілі туралы айтып береді.

Соңғы кездері валюта бағамын қазақстандықтар жіті бақылайтын болды. 12 қыркүйек күні теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы 381 теңгеден бір шықты. Бір ай бұрын 21 теңгеге аз еді.

Пайыздық мөлшерлемемен айтсақ, бір айдың ішінде 10 пайызға өскен. Қазақстандықтар ұлттық валютаның құнсыздануына алаңдап отыр. Ұлттық банктің шетелдік валюталарға қатысты ешқандай абыржудың реті жоқ деген мәлімдемесіне қарамастан әлеуметтік желілерде бағамның құбылмалы кезеңінде жинақтарымызды қалай қорғаймыз деп жұрт жиі сауал қоя бастағанын байқаймыз.

Informburo.kz Ұлттық валюта құны жиі құбылып тұрған кезде не істеу керектігі туралы мамандардың кеңесін біліп, айтып береді.

Доллар алам деп бірден валюта айырбастау бекетіне жүгіру керек пе?

Бағам өзгере салысымен долларды сатып алуға жүгіру ең пайдалы шешім болмауы мүмкін. Біріншіден, валюта құнсызданғанда немесе керісінше күшейген кезінде бастапқы құнын қайтаруға бағытталған реттеулер болуы мүмкін. Екіншіден, валютаны өзге валютаға айналдырғандағы шығынды есептеп алған дұрыс. Айырбастау бекеті долларды нарықтағы құнынан 1-2 теңгеге қымбатқа сатады. Доллардан қайтадан теңгеге ауыстырғанда тағы соншама соманы жоғалтып аласыз.

Сома қаншалықты көп болса, шығын да соған сай көп болатындығын ескере отырып, мұндай әрекеттен "расында да пайда көремін бе" деп ойланған абзал. Бұл тұста жинақ көлеміне қарай бірнеше әрекеттерді қарастыруға болады.

Бірінші: Сізде жеке жинақ жоқ

Мұндай жағдайда ештеңе істеудің қажеті жоқ. Себебі сіздің қолда бар кірістеріңіз шығысқа пара-пар. Егер сіз сатып алатын заттарыңыздың бағасы мен алатын жалақыңыз бір валютада болса, онда сіздің қаржылық жағдайыңыз еш өзгермейді. Егер сіз жалақыны өзге валютамен, мысалы доллар мен еуромен алатын болсаңыз, оны теңгеге айналдырғанда сіздің табысыңыз керісінше өседі.

Екінші: 200-300 доллар сатып алатын кішігірім жинағыңыз болды делік

Сарапшылар мұндай жағдайда валюта алуға айырбастау бекеттеріне баруға асықпауға кеңес береді. Себебі мұдай сомамен сіздің пайдаңыз мардымсыз болады. Оның үстіне ақшадан ақшаға айналдырғандағы шығынды қосыңыз.

Мысалы, сіз шілде айының ортасында 342 теңге бағамымен доллар сатып алып, қазір 363 теңгеден саттыңыз делік. Бұл жағдайда пайда небәрі 6 пайыз болады. Бұл пайданың жартысын конвертациялау процесі жеп қоюы мүмкін. Жалпы алғанда теңге ары қарай қыматтай ма немесе құнсыздана ма оны болжау өте қиын.

Үшінші: Сізде доллар немесе еуро сатып алатын айтарлықтай жинақ бар

Бұл жағдайда жинақ көлемінің көптігінен әжептеуір пайда кіріс көруіңіз мүмкін. Бірақ, бұл жерде бірнеше жайт бар. Бірінші кезекте қашан валюта сатып алу керектігін қашан оны сату керектігін білу керек.

Ол үшін жоқ дегенде экономикалық жаңалықтарды қадағалап отырып, дұрысы қаржы валюталық нарықтың қалай жұмыс істейтінін жіті түсіну керек. Онсыз айырбастау операциялары арқылы келетін табыстар кездейсоқ болуы мүмкін немесе пайданың орнына шығын болуы мүмкін.

Егер сізде айтарлықтай жинақ болса оны алдын ала қаржылық құралдарға салған абзал. Осылайша сіз валютаның кез келген құбылмалылығынан болатын қауіптерді азайтасыз. Жинақтарды түрлі жолмен сақтап қалу жолдарын informburo.kz бұған дейін де айтқан болатын.

Көбінесе ақшаны түрлі валютада бірнеше банктік депозитте сақтау туралы ақыл-кеңестер айтылып жатады. Мысалы жинақтың 50% теңгеде 50% шетел валютасында, оның ішінде сол долларда сақтау. Мұндай жағдайда инвесторды нарықтың құбылмалылығы көп алаңдатпауы тиіс. Егер доллар қымбаттаса инвестор доллар депозитінен ұтып, керісінше теңге жинағынан ұтылады. Егер теңге тұрақтанса керісінше доллардағы депозитінен ұтылады. Әрине бұл жағдайда пайда табу қиын, бірақ кенеттен болатын құбылмалылықтар мен бағамның өзгеруінен жинақтарыңызды сақтап қалуға боалды. Мысал ретінде 2015 жылдың тамызын келтіруге болады.

Ең бастысы валюта нарығындағы жағдайды талдағанда бір жыл ішінде бағамдарда біраз өзгерістер болатынын ескеру керек. Мысал ретінде 2017 жылды алуға болады. 1 қаңтарда 1 доллар 335 теңге тұрса, 25 желтоқсанда 333,1 теңге тұрды. Яғни бір жыл ішінде бағам көп өзгерген жоқ. Алайда мамыр айында теңге 1 доллар 310 теңгеге дейін тұрақтанды да қазан айында 342 теңгеге дейін қайта құлдырады. Бұл құбылмалық кезіндегі айырмашылық 11,3 % пайыз болды. Бұл пайданы әдеттегі теңге түріндегі жылдық үстемақысы 12 пайыздық депозиттерден де алуға болар еді.

Авторы Юрий Масанов

Аударған Мәншүк Шапхатқызы

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары