Informburo.kz Медициналық сақтандыру қорымен бірлесе дүниеге келген нәрестеге тегін берілетін заттар тізімін ұсынады.
Медициналық қобдиша
Ең алдымен сәбиді күтіп қарауға арналған жиынтық немесе жаңа туған нәрестенің дәрі-дәрмек қобдишасы беріледі. Оның ішінде:
- балалар сабыны;
- балалар кремі;
- су термометрі;
- медициналық термометр;
- мұрын жолдарындағы шырышты соратын құрал;
- қолға арналған антисептик;
- зарарсыздандырылған дәке;
- зарарсыздандырылған мақта.
- ішетін регидратациялық тұздар бар.
Қобдишаға дәрі-дәрмектен бөлек нәрестеге отбасында қалай күтім жасау керектігі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулық пен ұлттық екпелер күнтізбесі салынған.
Оқи отырыңыз: Балалар аллергиясы неге айрықша қауіпті? Дәрігер кеңесі
Жасанды қоспа
Жасанды қоспалармен немесе аралас тағаммен тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балаларға анасының сүтін алмастыратын бейімделген қоспалар тегін беріледі.
Құрғақ қоспалар қандай жағдайларда беріледі?
- бала емізетін ана ВИЧ инфекциясына, туберкулездің белсенді түріне шалдыққан болса;
- бала емізетін ана салалық маманның тағайындауы бойынша цитостатиктерді, радиоактивті, тиреоидті немесе есірткілік препараттарды қабылдайтын болса;
- бала емізетін ана қан айналым жүйесі мен қан өндіру аппараты ауруларымен, қатерлі онкологиялық аурулармен, ауыр бүйрек ауруларымен (бүйрек жетіспеушілігі), іріңді-септикалық аурулармен, гипогалактиканың бастапқы формаларымен ауырса;
- бала емізетін ана өткір психикалық аурулармен (психоздар немесе босанғаннан кейінгі күйзелістің ауыр түрлері), туабітті және жүре пайда болған жүрек ақауларымен, эндокриндік жүйе ауруларының ауыр түрлерімен, аллергиялық аурулардың ауыр түрлерімен ауырса;
- бала туабітті лактаза жетіспеушілігі, галактоземия, фенилкетонуриямен ауыратын болса, "үйеңкі шырыны" ауруымен ауырса.
Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер
Ана сүтін алмастыратын қоспалармен асырап алған балалар, көп ұрықты жүктіліктен туған балалар, анасы стационарлық емдеуде жатқан балалар мен күндізгі оқу орындарында оқитын студент аналардың балалары қамтамасыз етіледі.