Тікелей эфир

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың ісіне қатысты сот басталды

Прокурорлар бұрынғы денсаулық сақтау министрін тағы бір ай үй қамақта ұстауды сұрады.

Былтыр қарашадан бері үй қамақта отырған Елжан Біртанов бүгін сотта төбе көрсетті. Прокурорлар экс-министрдің үй қамақ мерзімін мамыр айының соңына дейін ұзартуды сұрады. Олардың айтуынша, Елжан Біртановтың қазіргі қамауға алу мерзімі сәуір айының соңында аяқталады. Соған сәйкес, Біртанов бостандықта жүрсе, тергеуге қысым көрсетуі мүмкін.

Елжан Біртанов сот барысында

Оқи отырыңыз: 


Дегенмен, күдіктінің адвокаттары соттан Біртановты босатуды сұрады. Олар осы уақытқа дейін бұрынғы министрдің кінәлі екенін дәлелдейтін бір де бір дерек табылмағанын алға тартты. Сондай-ақ, қазір тергеу көптеген заңбұзушылықтармен өтіп жатқанын айтты. Қорғаушы тарап әлі күнге дейін сандық медициналық платформаларды әзірлеумен айналысқан шетелдік компаниялардың өкілдерінен жауап алынғанбағанына күмән келтірді. Бұл айыптаудың негізгі бағыттарының бірі дейді адвокаттар. 

Қос тарапты тыңдаған судья әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Сот отырысы түстен кейін жалғасады. Сол кезде Елжан Біртановты босата ма, жоқ әлде ол әлі де үй қамақта отыра бере ме – сол жағы белгілі болады.

Еске сала кетсек, былтыр жазда Президент жарлығымен Елжан Біртанов қызметінен босатылған болатын. Кейін, қараша айында оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Ізінше, экс-министр үй қамаққа алынғаны айтылды.

Серіктестер жаңалықтары