Тікелей эфир

Денсаулық сақтау министрі: Вакцина табылса, оны Қазақстанның ертерек алуы үшін келіссөз жүргізудеміз

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 76 799 адам анықталып, 610 адам көз жұмды.

"Хабар 24" телеарнасындағы "Рақым Ошақбаевпен дөңгелек үстел" бағдарламасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус ахуалы мен карантиндік шектеулерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Негізгілерін оқырман назарына ұсынамыз.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой / Сурет wikimedia.org сайтынан алынды


1 тамызға дейінгі пневмония деректері статистикаға қосылмайды

Қазақстанда 1 тамыздан бастап Covid-19 статистикасына жыл басынан бері анықталған 234 мың пневмониямен науқастану дерегі қосылмайды.

Тестілеу нәтижесі бойынша ресми түрде анықталған коронавирус статистикасы мен коронавирусқа ұқсас белгілері бар пневмонияны екі бөлек көрсетеміз. Қазір жалпы саны бар. Онда пневмонияның барлық түрі енгізілген. Коронавирустан туындаған пневмония туралы мәліметті бөліп алу мүмкін емес. Өйткені, бізде бәріне ортақ бір код бар. Дәрігерлер жалпы шифр бойынша кодтайды.

Бірақ, бұл жыл басынан бері анықталған 234 мың пневмониямен науқастану дерегі елеусіз қалады деген сөз емес. Оған ретроспективті талдау жасалады. Десе де, 1 тамыздан бастап статистикаға тек жаңа деректер қосылады.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар санының төмен болуы себебі не?

Коронавирустан өлім-жітімнің төмен болуына медициналық көмекке қолжетімділік секілді көптеген фактор себеп, Иә, стационарларда орын болмай, медицинамызда іркіліс болды. Бірақ, азаматтардың басым бөлігі көмек алды. Басқа елдерде науқастар көбейгенде олардың аурухана дәліздерінде жатқанын көрдік.

Ал елде өлім-жітімнің артуына пневмония әсер етті. Қалған өлім себептері өткен жылдармен салыстырғанда тұрақты. Жол-көлік апатынан өлім-жітім көрсеткіші азайды.

Оқи отырыңыз: Алексей Цой: Covid-19 жұқтырған қазақстандықтар тағы 5 дәріні тегін ала алады

Дамыған елдермен салыстырғанда өлім санының аз болуына карантиннің ерте және дер кезінде қабылдануы себеп. Біз вирустың геометриялық прогрессия бойынша таралуын қысқарттық. Карантин вирустың таралуын тежейді, сол себепті күрт төмендегенін байқадық.

Адамдар ауырса да, көмек алды. Ең бастысы, көмек қолжетімді болды. Карантин аяқталған соң науқастар саны күрт артып, өлім-жітім көбейді. Төсек орындары мен жасанды тыныс алу аппараттары тапшылығы пайда болғанға дейін медицина ұйымдары жағдайға төтеп берді. Ол кезде медициналық көмек те, жасанды тыныс алу аппараттары да қолжетімді еді.

Медициналық сақтандыру қорына қаражатты үнемдеу тапсырылды

Коронавирус пен пневмонияны емдеу бойынша әрі қарайғы шараларға медициналық сақтандыру қорынан 150 млрд теңге бөлінеді. Стационарларда емделетін адамдар мен төсек-орын санының артуы қаржыландыруды талап етеді. Мұның барлығы сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Жағдайы ауыр науқастар көбейіп, олар ауруханада емделді. Ауыр науқастарды үй жағдайында, әсіресе, оттегі керек болған жағдайда емдеу мүмкін емес.

Біз жүйені қайта іске қосамыз. Басшылық ауысты. Қор ішінде өте көп жүйелі мәселе бар, соларды реинжинирингтеуді жоспарладық. Қаражат пен ресурстарды үнемдеу міндеті қойылды. Қордағы 1,3 млрд теңгені басқа қызмет түрлеріне қайта бөлуге болады. Жаңа басшылыққа қор жұмысына тадау жүргізіп, қоғам үшін ашық ету тапсырмасы берілді. Қор қызметі ашық болуы үшін қоғамдық кеңес құру жоспарланып отыр. Біз қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы ақпараттың ашық болуын қамтамасыз еткіміз келеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың білім беруге әсерін Қазақстан экономикасы ондаған жылдар бойы сезінеді

Вакцинаны халықтың осал топтарына тегін етуге тырысамыз

Вакцина әзірлеу жұмысы белсенді жүріп жатыр. Әлемде жүздеген компания вакцина әзірлейтінін мәлімдеді. Біз клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне мониторинг жүргізудеміз. Ресейде, Ұлыбританияда, Қытайда әзірленген вакциналарға Біріккен Араб Әмірліктерімен бірге сынақ жасалуда. Бұл ретте вакцинаның клиникалық тиімділігі, қаншалықты оң әсер ететіні маңызды. Әлемде вакцина әзірленіп, тиімділігі расталған жағдайда оны Қазақстанның алғашқылардың бірі болып алуы үшін алдын ала келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Бірінші кезекте вакцина созылмалы аурулары бар егде жастағы азаматтарға қолжетімді болуы керек. Әрине, оны халықтың осал топтарына тегін қылуға тырысамыз.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары