Үкіметтің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 қаулысымен нысандардың терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын жаңа талаптар бекітілді.
Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікке қойылатын талаптарды түсіндірді. Оның айтуынша, Үкіметтің 2021 жылы 6 мамырдағы №305 қаулысына сәйкес, білім беру ұйымына бірқатар талап қойылады.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдер мен оқушыларға террорлық жағдайда әрекет ету бойынша сабақтар өткізіледі
"Әрбір білім беру ұйымы қаулыда көрсетілген негізгі тапсырманың бәрі сақталуын бақылауы керек. Олардың негізгілері: бейнебақылау, дыбысты хабарландыру жүйесі, дабыл беру түймешелерінің болуы. Ал қосымша талаптарға техникалық тексеру құралдары, бақылау жүйесі, күзет сигнализациясының болуы кіреді", – деді Майра Мелдебекова.
Оның айтуынша, терроризмге қарсы қорғанысты ұйымдастыру нұсқаулықтары да аталған қаулыда көрсетілген. Яғни, пропуск режимін ұйымдастыру, профилактикалық және оқу шараларын тиісті мерзімде уақытылы өзгертіп отыру, террористік көріністегі қатерлерге қарсы іс-қимылдарды ұйымдастыру. Сонымен қатар терроризмге қарсы қорғану паспортын әзірлеу, объектілерді техникалық жабдықтау.
Бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мен стандарттау талаптары БҒМ мен ІІМ-нің бұйрықтарымен бекітілген. Негізгі талаптары:
- Бейнебақылаудың бір және одан да көбірек жазылу режимінің болуы;
- Архивтен жою және өзгертуден қорғау;
- Бейнежазбаны нақты уақыт режимінде беріп отыруға мүмкіндіктері болуы керек;
- Бірыңғай нақты уақыт жүйесімен жағдайларды ұйымдастыру;
- Бейнені бір уақытта бірнеше камералардағы архивте қарауға мүмкіндіктері болуы;
- Электр қуаты сөндірілген кезде камералардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Адамдар немесе көлік құралдарының нөмірлерін, басқа да аналитикалық функцияларын тану жүйелерімен интеграциялау.
"Барлық бейнебақылау жүйесінің ақпаратты сақтау мерзімі 30 тәулік болуын қамтамасыз ету қажет. Балабақшалар мен мектептерде бейнебақылаумен жабдықтаудың аумақтары белгіленген. Яғни, бейнекамералар білім беру ұйымдарының периметрі бойынша, негізгі және қосымша кіреберістерде, есіктерде, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орындарда қойылуы керек", – деді ол.
Маманның сөзінше, тағы бір негізгі талап – бейнебақылау жүйесінің Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығының базасына қосылуы. Қазіргі таңда жүйеге 823 (11,3%) білім беру ұйымы қосылған.
Оқи отырыңыз: Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-