Тікелей эфир

"Бала дауысы" байқауының 6-маусымына іріктеу басталды. Оған 8-12 жас аралығындағы балалар қатысады

Сурет baladauysy.kz сайтынан алынды
Сурет baladauysy.kz сайтынан алынды
Байқау жеңімпазы "Жандану әлемі" қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім беру грантына ие болады.

Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына қатысуға шақырады. Конкурстың іріктеу кезеңі 25 наурыз бен 15 мамыр аралығында қашықтан өтеді. Онда ерекше талантымен топ жарған 17 финалист анықталады.

Қашықтан іріктеу турына қатысу шарттары:

  • кез-келген тілде және жанрда ән таңдау;
  • әнді музыкалық сүйемелдеусіз немесе "минуспен" орындау (ән ұзақтығы 4 минуттан аспауы керек);
  • ән айтқан бейнежазбаны өтінімге қоса тіркеу.

Алғашқы кезеңнен іріктелген балалар 1 маусым мен 1 қазан аралығында "Бала дауысы" финалына дайындық кезеңіне өтеді. Финал қатысушыларына вокал, актерлік шеберлік, хореография бойынша жеке сабақтар өткізіледі. Ал қайталанбас және ерекше сахналық бейнені жасау мақсатында режиссерлер, графика және жарық суретшілері, дизайнерлер, стилистер олармен жұмыс істейді.

Байқаудың финалы 7 және 9 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Биылғы жылы байқаудың концерттік бағдарламасының форматы біршама күрделенген. Балалар қазақстандық және шетелдік эстраданың танымал хиттерін бэнд сүйемелдеуімен орындайды.


Оқи отырыңыз: Дәстүрлі "Абай әлемі" ғылыми байқауы жарияланды. Оған Қазақстанның барлық студенттері қатыса алады


"Бала дауысы" байқауының жеңімпазы жоба авторы және "Жандану әлемі" қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім беру грантының иегері болады. Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша жаңа балалар әндерінің жинағы шығарылады. Оның авторлары еліміздің 14 облысы, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының балалар шығармашылығы композиторлары болады.

Байқаудың барлық кезеңдеріне балалардың қатысуы тегін. Іріктеу кезеңінің әрбір қатысушысы атаулы дипломдар алады. Ал финалистерге бағалы сыйлықтар беріледі. Кастингке қатысудың барлық шарттары www.baladauysy.kz сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау кезеңі қазірден басталды. Барлық жаңа әндер және де алдыңғы маусымдарда жазылған әндер "Бала дауысы" сайтында қолжетімді болады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары