Байқауға қатысу үшін өтінімдер 1 сәуір мен 1 шілде аралығында қабылданады.
Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры "Абай әлемі" ғылыми байқауын жариялады. Оған еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатыса алады. Байқау шарты бойынша қатысушылар тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалаларын жолдауы тиіс.
Ұсынылған жұмыстар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналуы қажет. Үздік деп танылған еңбектің авторларына қаржылай сыйақы қарастырылған. Сыйақы қоры төмендегідей:
Студенттер арасында:
- 1 орын – 400 000 теңге (1 жүлде);
- 2 орын – 300 000 теңге (2 жүлде);
- 3 орын – 200 000 теңге (3 жүлде).
Магистранттар арасында:
- 1 орын – 500 000 теңге (1 жүлде);
- 2 орын – 400 000 теңге (2 жүлде);
- 3 орын – 300 000 теңге (3 жүлде).
Оқи отырыңыз: Студенттер стипендиясы 25% артады. Жастар жылын қорытындылаған президент тағы не айтты?
Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.
Қатысушылар төменде берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынуы қажет:
Студенттер үшін:
- "Абай мұрасы – рухани жаңғыру өзегі";
- "Абай шығармашылығының рухани арналары";
- "Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі".
Магистранттар үшін:
- "Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты";
- "Қуғындалған абайтанушылар";
- "Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі".
Өтініштер мен мақалалар 1 сәуірден 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар тамыз айында белгілі болады.
Байқау ережесі туралы толық ақпаратты http://fnn.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, https://abaialemi.kz/ сайттарыннан білуге болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎤Димаштың әлемдік турне аясындағы келесі концерті Мажарстанда өтеді
-
236
-
0
-
0
-
-
2🛢️Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды: 55 келі мефедрон тәркіленді
-
226
-
0
-
1
-
-
3Мемлекет басшысы ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады
-
253
-
0
-
2
-
-
4🚔Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық өндiрiсте жасалған электромобильдер табыс етілді
-
258
-
0
-
1
-
-
5😥 Израиль Газа аумағының оңтүстік бөлігіне тоқтаусыз шабуылдауда
-
176
-
0
-
1
-
-
6Еуропа Чемпионатының басты кубогын Италия футболының аңызы Джанлуиджи Буффон алып шықты
-
166
-
0
-
0
-
-
7⚡️Әлем чемпионаты: Қазақстандық 4 боксшы финалға шықты
-
151
-
0
-
0
-
-
8Ақылы жолдың ақысын төлемегендерге қанша айыппұл салынады
-
93
-
0
-
0
-
-
9🥉Қазақстандық жас шорттрекшілер әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды
-
35
-
0
-
0
-