Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, биыл Рамазан айы 30 күнге созылады. 24 сәуір алғашқы күні болса, 23 мамыр соңғы күні. 24 мамырда ораза айты басталады. Мамырдың 19-ынан 20-сына қараған түн – Қадір түні.
Оқи отырыңыз: Арапа күні ауыз бекіту – сүннет. Қазақстан қалалары бойынша бұл күнгі ораза кестесі
Биылдың ерекшелігі – Тарауық намазы мешітте оқылмайды. Сондай-ақ, пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады. ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілген. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.
Төтенше жағдай кезінде ораза ұстаудың ерекшеліктері туралы төмендегі сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.
Оқи отырыңыз: Биыл тарауық намазы мешітте оқылмайды. Төтенше жағдай кезінде ораза ұстаудың ерекшелігі қандай?
Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.
Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
Төменде республикалық маңызға ие қалалар мен облыс орталықтары бойынша ораза кестесін ұсынып отырмыз. Ал еліміздің барлық елді мекені бойынша кестені мына жерден жүктеп алуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Шаш кесу, тырнақ бояу, тіс жұлдыру, екпе салдыру. Ораза ұстаушыға не рұқсат, неге тыйым салынған?
- Құран оқу, пітір беру, салауат айту, отбасыға көңіл бөлу. Оразада орындайтын 10 амал