Тікелей эфир

Елордада коронавирустан өкпесі 100% зақымданған әйел дені сау сәби босанды

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Фото astana.gov.kz сайтынан алынды
Әйел салмағы 4 келі болатын қыз баланы дүниеге әкелді.

№2 қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері коронавирустық инфекциямен аса ауыр халде түскен әйелді аман-есен босандырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Босану кезінде Айнагүл Оразбекова КВИ диагнозымен өте ауыр халде болған. Сондай-ақ, оған ауыр дәрежелі вирустық пневмонияның екі жақты диагнозы қойылған.

"16 наурызда Айнагүл Оразбекова өте ауыр жағдайда екі жақты вирустық пневмониямен және өкпенің 100% зақымдануымен реанимация бөліміне шұғыл түрде түсті", – дейді №2 МГБ директоры Нұрбол Тұрсынбаев.

Дәрігерлердің айтуынша медицина қызметкерлері екі ай бойы реанимация бөлімінде науқастың өмірі үшін күрескен.

"Босанғаннан кейін науқастың жағдайы нашарлап кетті: сатурациясы төмен, температурасы жоғары, өздігінен дем ала алмады, интоксикация синдромы өзгеріссіз қалды. Консилиумдар бірнеше рет жүргізілді, нәтижесінде пациент ЭКМО-ға қосылды (экстракорпоралды мембраналық оксигенация). 20 күн бойы оксигенация және гемодиафильтрация жүргізілді", – деді шұғыл кардиология және кардиохирургия орталығының басшысы Сейіл Мұхаметқалиев.


Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрі: Вакциналау паспортын сатқан адамдар қатаң жазаланады


 

Науқас оттегі терапиясына қосылғанына қарамастан десатурациясы өзгермеген. Консилиумның шешімімен ӨЖЖ аппаратына ауыстырылды.

"Дәрігерлер мен медбикелер екі ай бойы науқасты емдеп, бақылап, күтім жасады. Көп ұзамай тоқтаусыз жұмыс нәтижесін бере бастады. 50 тәуліктен кейін пациент реанимациядан бейінді бөлімшеге ауыстырылды. Аурухана мамандарының топтасып жұмыс істеуінің арқасында науқастың жағдайы жақсарды, гемодинамикасы тұрақтанды. Ең бастысы өз бетінше тыныс ала алатын күйге жетті", – деді инфекциялық блоктың меңгерушісі Гүлнұр Әшірбекова.

Осылайша, дәрігерлер науқас пен нәрестені аман алып қалды. Айта кетейік, бұл – Айнагүлдің үшінші баласы.


Оқи отырыңыз: 

Серіктестер жаңалықтары