Бұл туралы компания басшысы Бекмырза Игенбердинов арнайы өткізген баспасөз мәжілісінде хабарлады.
City Transportation Systems компаниясының жаңа миссиясы – тұрғындардың ыңғайлы және қауіпсіз қозғалысына заманауи интеллектуалды технологияларды қолдана отырып, жағдай жасау.
"Компанияның құрылған уақытынан бері жұмысы түбегейлі өзгеріп, атқаратын қызмет аясы кеңейді. Соған сәйкес, қазіргі "Астана LRT" атауы компанияның барлық қызметін сипаттап, ашып көрсете алмайды", – деді Бекмырза Игенбердинов.
Жаңа атау таңдауда компания Еуразия және Аграрлық университеттердің студенттері арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде ең ұнамды атау мен логотип таңдалған.
Оқи отырыңыз: LRT құрылысы: Нұр-Сұлтан әкімінің экс орынбасары Қанат Сұлтанбековке іздеу салынды
Бекмырза Игенбердиновтің айтуынша, логотипте қоғамдық көлік сұлбасы бейнеленген. Ал әріптері жолды бейнелейді. Жасыл түс – жаңа технологияларды дамыту және үнемі алға басу мен көздеген мақсатқа қол жеткізудің символы.