Алматыдағы жоғары оқу орындарының біріне түскен студент ең әуелі елдегі ең қымбат қалаға келгенін білуі керек. Қалада бәрініің қымбат екеніне көнуге тура келеді, ал пәтер жалдау – оңай жұмыс емес.
18 жасар павлодарлық Аделя Никульча биыл Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне оқуға түсті. Ол жатақханаға жатуды қарастырып отырған жоқ. Пәтерде тұрмақшы. Оған пәтерді немере ағасы Тимур іздеп жатыр.
Оқи отырыңыз: Риэлтор қызметінің ұлттық стандарты бекітіледі. Құжат маклерлердің алаяқтығы мәселесін қалай шешеді?
– Біздің университет орналасқан аудандағы жөнделген, интернеті бар бір бөлмелі жақсы пәтерлердің бағасы 90 мың теңгеден басталады. Қазір бұдан арзанырақ пәтер табу мүмкін емес. Өйткені сұранысқа сәйкес баға да өсіп кеткен. Оның үстіне пәтер иесімен тікелей байланысу өте қиын. Қайда барсаң да алдыңнан риэлтор шығады. Олар әуелі келісім-шарт жасап алуды, сосын барып пәтер іздеуді ұсынады, – дейді Тимур.
Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының Президенті Лариса Степаненко жағдайы жақсы пәтерді қолжетімді бағаға жалдап алу оңай еместігін растайды.
– Қазір жалдамалы пәтер іздеп жатқандар түрлі қиындықтарға тап болған болуы мүмкін. Өйткені қазір жаңа оқу жылының алдында студенттер жаппай пәтер іздейтін маусым басталды. Пәтерлер қолдан қолға тез өтіп кетіп жатыр, бұл әрине оның бағасына да әсер етпей қоймайды, – дейді Лариса Степаненко
1. Пәтерді университеттің жанынан жалдайсыз, бірақ жалғыз тұрмаңыз
Пәтер жалдаудың шығынын азайту үшін студенттерге бір пәтердің бағасын бөліп төлеп, бірге тұруға болады. Бұның өз қиындықтары да бар: көршілермен сиысуға тура келеді. Алайда, 90 мыңның орнына 45 мың төлейсіз, тіпті бар болғаны 30 мың төлеуге де мүмкіндік бар.
– 3-4 клиент бірігіп бір пәтер іздеген жағдайда оны табу қиынға соғады. Тәжірибе көрсеткендей, студенттердің бәрі жалдамалы пәтерді таза ұстамайды. Пәтер иесі бірнеше адамды көргенде баспанасын "быт-шытын" шығарады деп уайымдайтыны рас. Сондықтан меншік иелері көп жағдайда топырлаған студентке пәтерін жалға беруден бас тартып жатады. Осыған дайын болған дұрыс, – деп ескертеді Лариса Степаненко.
2. Пәтерді метро немесе қоғамдық көлік жүретін жерден табу
– Егер университет жанынан қалтаңыз көтеретін пәтер таппасаңыз, оқу орнынан алыс аудандарда орналасса да баспананы қоғамдық көлік қатынасы жақсы жерден жалдап алуға болады. Судентке баратын жеріне оңай автобуспен де, троллейбуспен не метромен де оңай қатынай алса, болғаны, – деп кеңес береді Лариса Степаненко.
Алматыда метроның 9 стансасы бар. Егер сіз оқитын жоғары оқу орны "Байқоңыр", "Абай" немесе "Жібек жолы" стансалары ауданында орналасса, онда сіз қорықпастан "Райымбек", "Сайран" және "Москва" стансаларының жанынан пәтер іздей аласыз. Метро пойыздары кестемен жүреді, сіз оқу орныңызға жететін уақытты дәлме-дәл есептей аласыз. Метроның жол ақысы – 80 теңге. Оны "Оңай" картасымен төлей аласыз.
Егер, жанында метро болмаса, пәтердің аялдамадан қаншалықты алыс екенін байқап көріңіз. Автобустар мен тройлебустардың бағытын бақылап, өзіңіздің жол жүру кестеңізді жоспарлау үшін CityBus қосымшасын жүктеп алыңыз.
3. Үйде немесе жекешелендірілген жатақханадан пәтер болса?
Хабарландыруларды бағанаға іліп кетудің мәні жоқ – пәтерді одан да krisha.kz, olx.kz сайттарынан және әлеуметтік желідегі тақырыптық топтардан табу оңай. Түрлі ұсыныстарды жан-жақты зерттеңіз. Төмен бағадағы пәтерлер туралы хабарландырулар алаяқтардікі болуы әбден мүмкін. Шынында мұндай хабарландырулардың авторлары пәтерін жалға бермейтіні, тіпті ұсынған пәтерлері көрсетілгеннен қымбатқа берілуі, тіпт пәтердің бірде бір жиһазы жоқ немесе үлкен жөндеуді қажет етеді дегендейі қандай да бір кем-кетіктері болуы да ықтимал.
– Пәтер иелері клиент тарту үшін кейде небір құйтырқы әрекеттерге барады. Мәселен, хабарландыруда пәтердің жекешелендірілген жатақхана екенін көрсетпейді. Адамдар тәуір пәтер деп келгенде дәліздері мен жуыну бөлмелері ортақ екеніне көреді. Мұндай жағдай жиі кездеседі, сондықтан іздегенде суретке сенбей, пәтерді өз көзіңізбен көрген дұрыс. Өйткені солай сенімді, – деп есептейді Тимур.
4. Пәтер иесімен тікелей қалай келісуге болады?
Жақсы пәтерді өз университетіңдегі жоғары курстарда оқитын студенттерден сұрастырып табуға да болады. Өйткені, олар мұндайдан өткен, бұрынғы жалдаған пәтерлерінің иелерімен байланысып көруге кеңес беруі мүмкін. Сонымен қатар туған-туыстармен де хабарласып, таныстарының арасында пәтер не бөлмені жалға беретіндердің бар-жоқтығын білуге болады. Таныстықпен жеңілдік сұрап көруге де болады. Мұндайда 90 мыңның пәтері 80 мыңға түсуі де ғажап емес.
"Интернеттегі хабарландырулардың көбін риэлторлар береді" дейді Тимур. Пәтер иелеріне олармен жұмыс істеу оңай, өйткені қызметтері үшін олар пәтер иелерінен ақша алмайды екен.
– Тағы бір қиындығы сол – пәтер иелерімен тікелей байланысу мүмкін емес. Ал, риэлторлардың қызметі 15 мың теңге. Мен Нұр-Сұлтан қаласынан пәтерімді жалға беремін десем, күніне 20 адам оны қарауға келеді. Бұл маған ыңғайсыз, өйткені жұрттың бәрімен бірдей келіссөз жүргізуге уақытым бола бермейді. Сол үшін пәтер иелері риэлторлармен жұмыс істейді. Бұл – дұрыс, кең таралған әдіс. Соған қарамастан мен бірінші кездескен риэлтормен келісім-шарт жасасуға кеңес бермеймін. Өйткені, олар қажетті нәтиже бермеуі мүмкін. Дұрысы – әрбір пәтерге қоңырау шалып, қарап көру. Қазір интернет, әлеуметтік желі бар, оларды пайдалануға болады, – деп кеңес береді Тимур.
Тимур пәтерді тікелей пәтер иесінен қалай жалдап алуға болатыны туралы өз әдісімен бөлісті.
– Кейбірі былай істейді: "Қызыққан пәтерін көруге келеді, ұнамағанын айтады да, риэлторға мың теңгесін беріп, кетіп қалады. Кейін пәтерге қайтып келіп, иесімен жүздесіп тікелей келіседі. Көбі осылай істейді, – деп кеңес береді Тимур.
5. Ақпараттық агенттік пе әлде кәсіби риэлтор ма?
Егер пәтер иесін табу мүмкіндігі болмаса, Лариса Степаненко тек кәсіби риэлтор агенттіктерге жүгінуге кеңес береді. Мұндайда абай болу керек, нарықта алаяқтар көп.
– Ақпараттық агенттіктерге жүгінуге кеңес бермеймін. Оларды қалай тануға болады? Егер сізге кеңсеге келіп, келісім-шартқа қол қойып, 15-20 мың (кейде 10 мыңға) теңге төлеуді талап етсе, содан кейін барып пәтер иелерінің телефон нөмірлерін беруге уәде берсе, пәтерге орналаспайынша ондайға келіспеңіз. Өйткені бұл – жалған нәрсе. Сіз уақытыңызды жоғалтып, ақшаңыздан айрыласыз. Кез келген пәтердің нөмірлерін жіберуі мүмкін (килент қалағандай пәтерлердің ғана емес). Осы жақында маған бір әйел хабарласып, ақшасын қалай қайтарып алуға болатынын сұрады. Ол екі агенттікке жүгініп, екеуінде де оған кездейсоқ нөмірлерді ұсынған. Арасында қонақ үйлердің нөмірлері де бар екен.Мұндай агенттіктерде шынайы пәтер иелерінің нөмірлері жоқ,сосын жалған нөмірлерді жібереді, – дейді Лариса Степаненко
Кәсіби агенттіктердің кимиссиясы ақпараттық агенттіктердікінен көп, бір айлық жалға алу құнының 30%-ын құрайды. Алайда риэлтор өз жұмысына жауап береді: иесімен бірге пәтерді көрсетеді, қажетті құжаттарды толтырады және пәтерді жалға алушылардың қаражаты мен уақытын жоғалту қаупін сейілтеді.
– Кәсіби агенттіктегілердің міндеттері мынадай: көрсетілетін қызметке келісім-шарт жасалады. Ақша үйді жалға алушы қоныстанғаннан кейін ғана төленеді. Жалдаушымен жұмыс істеген риэлтор оған пәтерді көрсетеді, иесінің баспананы жалға беруге заңды құқы бар-жоғын тексереді. Мұндай әрекет алаяқтарға тап болмаудың алдын алады. Кейде жалға алушылардан жарты жылдың не екі-үш ай бұрын пәтер ақысын алады. Ақшасын төлегеннен кейін пәтерді иесі емес болып шығады. Бұған дейін жалға алған біреудің немесе оған құқығы жоқ тағы бір кездейсоқ біреудің жалға бергені белгілі болады, – дейді Лариса Степаненко.
6. Ойыңдағы пәтерді таптың ба? Келісім-шарт жаса!
Бұл құжат пәтер иесімен дауласқан күнде сіздің мүддеңізді қорғайды.
– Келісім-шартта тараптардың пәтерді жалға алу/беру кезінде келіскен барлық шарттары жазылады. Құжатты жасағанда пәтерді суретке түсіріп, мүліктердің тізімін жазып, жалға алушының пәтерді қандай жағдайда қабылдап алғанын көрсету керек. Сондай-ақ ғимаратты тапсыру/қабылдау актісі жасалады. Онда судың, электр қуатының сол кездегі көрсеткіштері жазылады. Келісім-шарт мерзімі аяқталғанда жалға алушы пәтерді иесіне қабылдап алғандағы жағдайында тапсыруға міндетті, – дейді Лариса Степаненко.
Маңызды тұсы: құжатқа қол қойылғанға дейін уақытша тіркеуге тұруға рұқсат беруге келісіп алыңыз. Онсыз Алматыдан мемлекеттік қызметтерді алу қиын болады.
7. Пәтерді көрместен алдын ала төлем жасамаңыз
Ұнаған пәтерін алып қалғысы келсе, студенттерден төлем қабілеттілігін растау үшін жалдау ақысын алдын-ала беруді сұрайды Лариса Степаненко бұлай жасамауға кеңес береді, өйткені алдын ала төлемді алаяқтар алуы мүмкін.
– Ешқашан пәтерге алдын ала төлем жасамаңыз. Қазір krisha.kz, olx.kz және басқа да сайттарда жалған хабарландырулар көп. Жалға алушы суреттен күшті, таза, бастысы арзан пәтерді көреді. Телефон арқылы оған: "Мен келе жатырмын, қасымда бірнеше адам бар. Сіздің шынымен пәтерті жалға алатыныңызды қайдан білсем болады?" дейді. Әлгі адам: "Мен шынымен жалға аламын, жақсы адаммын, пәтерді ұзақ мерзімге жалдаймын" дейді де алдын ала төлем ретінде картасына ақша лақтырады. Сосын не ақша, не пәтер жоқ айдалада қалады. Сол үшін қандай жағдай болса да, егер иесін көрмесеңіз, пәтер мен құжаттармен таныспасаңыз, ақша аудармаңыз, – дейді Лариса Степаненко.
8. Каникулда үйге кетіп, пәтерсіз қалмаудың жолдары қандай?
Пәтер иелері студенттерді көп адам болып тұрып алу мүмкін деп қана жақтырмайды емес, сонымен қатар студенттердің үш ай каникулында үйлеріне кетіп, орнына басқа жалдаушылдарды іздеуден қашады. Мұндай жағдайда кейбір студенттер пәтерінен айырылып қалмас үшін, жаз айларында да ақы төлеуді ұсынады.
– Кейбір студенттер пәтерден айрылып қалмау үшін иесіне жаз айларына да төлем жасап кетеді. Сосын ауылдарына қайта береді. Бірақ мен бұлай істеуге кеңес бермес едім. Пәтерді бәрібір жалға беріп жіберуі мүмкін, сосын сіз кейін ештеңе де дәлелей алмайсыз. Бізде осылай істемекші болдық: сіңлім емделуге Ресейге кетті, біз егер пәтерді ұстап қалғымыз келсе, ол жарты ай бос тұрып, 42 мың жоғалтар едік. Айтқан сөзінде тұратын пәтер иелері тап келмеуі де мүмкін. Біз жоқта пәтерін жалға беріп жіберуі де ғажап емес. Жарықтары сөніп тұрғанын көріп тұр, оның үстіне өздерінің кілті бар дегендей. Жалға алушы мен берушінің арасында жасалған келісім-шарттар көбіне тіркелмейді, егер пәтер иесіне сенбесеңіз, бәйгеге басыңызды тігудің қажеті жоқ, – дейді Тимур.
Оданда иесімен келіскендей пәтерді бірден босатып берген жөн. Жалға беретіннер көп, алайда қолжетімді бағада жақсы пәтер табу үшін шалт қимылдау керек.
Авторы Наталья Батракова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.