Тікелей эфир

Алматыда мешітте ұжымдық құлшылыққа рұқсат. Бүгіннен бастап қалада қандай өзгерістер енгізілді?

Алмаз Төлекенің суреті
Алмаз Төлекенің суреті
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектелді. 10 қарашадан бастап діни орындарда ұжымдық қызмет көрсетуге рұқсат етіледі.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполистегі карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес Алматыда:

  • 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға; ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтай отырып, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде - 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат береді;
  • 10 қарашадан бастап жұма намасыз қоспағанда, діни нысандарда, мешіттерде (бес намазды) ұжымдық құлшылық етуге болады. Бірақ толтырылуы 30%-ға дейін, 100-адамнан аспайтын залда күшейтілген санитарлық талап сақталуы тиіс;
  • Covid-19 ПТР тестісіз тұрғын үй қызметтерін (қонақ үйлер, отельдер) ұсыну саласындағы нысандар мен ұйымдардың қызметі. Туризм объектілерінде (демалыс үйлері, санаторийлер, курорттар, лагерьлер) үш күннен артық тұру үшін сізде 72 сағаттан кешіктірмей мерзімі көрсетілген ПТР анықтамасы болуы керек. Бос орын - санитарлық талаптарды сақтай отырып, 80% -дан аспайды;
  • Туризм нысандарының тестілік режиміндегі қызметі. 19-30 қараша аралығында Медеу" спорттық-сауықтыру орталығы, 16-30 қараша аралығында – Шымбұлақ тау-шаңғы курорты жұмыс істейді. Әрбір сеанс кезінде "Медеу" мұз айдынын бір мезетте 500 адамнан аспайтындай етіп, "Шымбұлақ" курортында келушілерді жобалық көрсеткіштің 30%-нан аспайтындай етіп толтыру керек;
  • "Шымбұлақ" курорты мен "Медеу" орталығының қоғамдық тамақтану нысандарының қызметіне санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, үстелдер арасындағы қашықтық кем дегенде 2 метр болатын залдарда және ашық аспан астында 50 отыратын орынға дейін белгілеп, ұжымдық іс-шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
  • Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Толтырырылу деңгейі 30% -дан аспайды және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр бөлінеді;
  • Азық-түлік емес және азық-түлікпен қамтылмаған базарлардың қызметі сағат 17.00-ге дейін, сыйымдылығы 30%-дан аспауы керек және келушіге кемінде 4 шаршы метр бөлінеді;
  • Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, ұжымдық іс-шаралар өткізбестен, кемінде 2 метр үстелдер арасындағы қашықтықты сақтай отырып, залда және ашық аспан астында 50-ден аспайтын орын белгілей отырып, тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі. Келушілерге арналған жұмыс кестесі жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін. Жеткізу қызметтеріне де көрсетілген күндер мен уақыттарда жұмыс істеуге болады;
  • Сауда орталықтарында (жекелеген үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының қызметін сағат 22.00-ге дейін шектеу қажет. Олар ұжымдық іс-шаралар өткізбестен, толтырылуы 50 орыннан аспағанда, санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді;
  • Қоғамдық көліктерде (метро, автобус және троллейбустар) ультракүлгін сәулелену шамдарын орнатуды ескере отырып, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеусіз етіледі;
  • 10 қарашадан бастап толу деңгейі 50%-ға дейінгі театрларға жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірақ Infokazakhstan.kz порталында тіркей отырып, қатаң санитарлық режимді сақтау және залда 100 адамнан аспайтын қызметке ғана рұқсат бар.

Оқи отырыңыз: "Иммунитет 3 айға дейін сақталады". Covid-19 бұған дейін ауырғандар үшін де қауіпті

Қаулыға сәйкес, ұйымдар мен мекемелердің басшылары қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызын қашықтағы жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз етуі керек (штаттық кестесі 30-дан астам қызметкерден тұрады).

Поделиться:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары