Дәрігерлер балаларды қорғау мақсатында ересектерді жаппай вакцина жасауға шақырды.
Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айнұр Уәлиеваның айтуынша, Алматыда балалар арасында коронавирустық инфекцияның өсуі наурыз айындағы мерекелерден кейін және сәуірде байқала бастады. Қазір қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының стационарында 71 бала ем алып жатыр. Оның ішінде:
- 1 жасқа дейін – 20;
- 1 жастан 4 жасқа дейін – 17 бала;
- 5 жастан 14 жасқа дейін – 24 бала;
- 15-18 жас аралығында – 10 адам бар.
Жұқтырудың негізгі факторы үй жағдайында байқалады. Яғни, бір отбасының ересектерімен тығыз байланыс жасаған кезде.
"Наурыздың екінші жартысында біздің мамандар 72 баланы, ал сәуір айында 176 баланы емдеді. Сәуірдің бірінші онкүндігінде ауруханадан 139 бала шығарылды, ал 11-19 сәуір аралығында 107 бала шығарылды. Біз балалар жаппай ауыра бастады, коронавирустық инфекция балалар арасында эпидемиологиялық сипатқа ие болды деп айта алмаймыз. Сырқаттанушылықтың өсуі ересек халықтың арасында ауырғандардың көбеюімен тікелей байланысты, ересектер арасында жұқтырып, ауырғандар азайған кезде, бірден балалар арасында да жұқтырудың төмендеуі орын алады. Бүгінгі күні ауруханада ауру ағымы ауыр өтіп жатқан балалар жоқ. Көп жағдайда ауру симптомсыз өтіп жатыр", – деді педиатр.
Оқи отырыңыз: Алексей Цой: "Мамырдың ортасында күніне 4 мыңға дейін коронавирус жұқтырғандар тіркелуі мүмкін"
Айнұр Уәлиеваның айтуынша, коронавирус инфекциясы кішкентайларда ересектерге қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ, маман баланың сауығып шыққанына қарамастан, оны учаскелік дәрігерден тексеруден өткізуге кеңес береді. Оңалту кезінде үйлестірілген тамақтануды ұстану, тыныс алу жаттығуларын жүргізу, дене шынықтырумен айналысу өте маңызды. Дрігерлер инфекцияның себебі мен негізгі берілу жолы ауа тамшылары арқылы екенін атап өтті.
Сондай-ақ, дәрігер алматылықтарды жас ұрпақтың игілігі үшін, ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында екпе алуға шақырды. Өйткені, балаларға коронавирусты ересектер жұқтырады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
324
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
296
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
274
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
266
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
261
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
299
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
283
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
322
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
319
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
264
-
0
-
0
-