Тікелей эфир

Алексей Цой: "Мамырдың ортасында күніне 4 мыңға дейін коронавирус жұқтырғандар тіркелуі мүмкін"

Болжам халықты вакцинамен қамтуды ескере отырып жасалды.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинамен қамтуды ескере отырып, коронавирус инфекциясы таралуының болжамын жаңартты, деп мәлімдеді ведомство басшысы Алексей Цой.

Оның айтуынша, оптимистік сценарий бойынша, егер вакцинация кесте бойынша жалғасатын болса, сәуір айының соңында шарықтау шыңымен тәулігіне 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі деп күтілуде. Шынайы сценарий және вакцинамен кесте бойынша қамту арқылы мамыр айының ортасында тәулігіне 4 мыңға дейін адам коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін.

"Вакцинацияның бірінші кезеңдегі әсері иммунитетті дамытуға қажетті уақытпен шектеледі. Кейін вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді", – деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, апта сайынғы аурудың өсу қарқыны наурыздың аяғында 46%-дан соңғы жеті күнде 6%-ға дейін төмендегені байқалады. Өлім-жітімнің өсуі де 22%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Дәстүрлі оқыту форматы енгізілгеннен бастап, мектеп оқушылары арасында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың өсуі байқалады. Төртінші тоқсанның басынан бастап 3 706 оқушы індет жұқтырса, оның 1 093-і офлайн режимде оқиды. Төртінші тоқсанда 47 мектеп карантинге жабылды.


Коронавирусқа қарсы вакциналар туралы оқи отырыңыз:

Серіктестер жаңалықтары