Тікелей эфир

8 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 215 адам тіркеліп, 2 науқас көз жұмды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 13 074-ке жетсе, соңғы тәулікте 361 науқас емделіп шықты.

8 маусым. Коронавирус жұқтырғандар саны – 13 074

  • Алматы – 2 904;
  • Нұр-Сұлтан – 2 520;
  • Атырау облысы – 1 222;
  • Қарағанды облысы – 1 188;
  • Шымкент – 978;
  • Батыс Қазақстан облысы – 845;
  • Жамбыл облысы – 441;
  • Түркістан облысы – 403;
  • Қызылорда облысы – 465;
  • Алматы облысы – 446;
  • Ақтөбе облысы – 401;
  • Павлодар облысы – 284;
  • Маңғыстау облысы – 331;
  • Ақмола облысы – 177;
  • Қостанай облысы – 205;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 199;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 65.

Жазылғандардың жалпы саны – 7 737

Көз жұмғандар – 58

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 215 адам тіркелді. Өсім 1,7%.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 42 (+1,7%);
  • Қарағанды облысы – 41 (+3,6%);
  • Батыс Қазақстан облысы – 27 (+3,3%);
  • Алматы – 22 (+0,8%);

Ақтөбе және Қызылорда облыстарында өткен тәулікте вирус жұқтырғандар тіркелмеді.

Республика бойынша барлығы 13 074 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 7 737, қайтыс болғандар саны – 58. Ауруханада ем алып жатқандар – 5 279.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 339 симптомсыз тасымалдаушылары тіркелді. Қазақстандағы олардың жалпы саны – 1 696. 3 маусымнан бастап олар бөлек санатқа жатқызылып, жалпы статистикаға енгізілмейтін болды.

Оқи отырыңыз: 7 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 165 адам тіркеліп, 3 науқас көз жұмды


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары