Тікелей эфир

21 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 141 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды.
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды.
Covid-19 жұқтырғандар саны 109 907-ге жетті.
21 қазан қорытындысы

Науқастар

109 766

Сауыққандар

105 385

Көз жұмғандар

1 796 (18 қазан)

Нұр-Сұлтан 14353 13694 318
Алматы 14563 14170 279
Шымкент 5219 5129 72
Ақмола облысы 3588 3337 77
Ақтөбе облысы 3278 3219 35
Алматы облысы 5053 4810 62
Атырау облысы 11232 10983 71
ШҚО 9070 8385 219
Жамбыл облысы 4163 4068 61
БҚО 6935 6771 113
Қарағанды облысы 10448 9961 280
Қостанай облысы 3562 3161 22
Қызылорда облысы 3250 3169 15
Маңғыстау облысы 3375 3274 45
Павлодар облысы 4095 3913 56
СҚО 4326 4052 25
Түркістан облысы 3400 3338 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 141 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • ШҚО – 21;
  • Қарағанды облысы – 16.

Республика бойынша барлығы 109 907 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 385.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 806-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 36 381 адам ауырып, 390 науқас көз жұмған (21 қазанда тіркелген науқас саны – 181, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 716 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 177 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.Жалпы науқастардың арасында 101 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Баланы емханаға қалай тіркеуге болады? Ата-анаға арналған нұсқаулық


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары