Бакалавр грантын алу конкурсына қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатын алған соң, үміткер өз еркімен тиісті базаға тіркелуі қажет.
"Магистратураға түсу үшін ҰБТ сияқты тестілеу форматына ауыстырғанымызға екі жыл болды. Әр университет тапсырмаларын өздері дайындап, тексеріп, шешімді өздері қабылдайды. Осы жылы да магистратураға түсу үшін онлайн форматтағы орталықтандырылған тестің нәтижесінде алған балына сәйкес грант ұтып алу мүмкіндігі бар", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов.
Оқи отырыңыз: "1 тестілеуші – 1 компьютер – 1 камера". Биыл ҰБТ қалай өтеді?
Министрдің сөзінше, өткен оқу жылында пандемияға байланысты 4 курс студенттері дипломды онлайн форматта қорғаған еді. Осы жылы да сол үрдіс сақталады. Студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқып жатыр. Кейбірі өз үйлерінде, кейбірі жатақханада жатыр. Оқытушылардың көбі онлайн сабақ беріп жатқандықтан, магистрлердің диссертациясы мен бакалавр студенттерінің дипломын қорғау электронды форматта өтеді.
"Былтыр онлайн форматта өткізгеннен кейін мөрдің болуын және қол қойылуын талап етеді деген сигналдар келген. Мұндай мәселелер туындамас үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгеріс енгізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Енді студент дипломдық жұмысын онлайн трансляция арқылы қорғаса, оған университетке қайтадан келіп, біреуден қол жинап, мөр қойғызу керек деген талап қойылмайды", – деді БҒМ басшысы.
Оқи отырыңыз: Білім беру грантын тағайындаудағы өзгерістер. Талапкер білуі тиіс негізгі 10 сұраққа жауап
Министр атап өткендей, жуырда нақты диссертациялық кеңестің жұмысына қатысты өзгерістер енгізілді. Алдағы уақытта PhD докторлық дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысты офлайн форматпен қоса онлайн форматта қорғау мүмкіндігі беріледі. Бұл – халықаралық тәжірибеден алынған шешім. Министр сапаның төмендемеуі үшін тиісті қағидаттар бекітілгенін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-