Тікелей эфир

"1 тестілеуші – 1 компьютер – 1 камера". Биыл ҰБТ қалай өтеді?

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер келесі күнді күтпей-ақ апелляцияға өтініш бере алады.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев ҰБТ-ны өткізу процесін цифрландыру бірқатар ерекшелігі мен артықшылығына тоқталды.

"Біріншіден, тест тапсырушылар үшін ыңғайлы. ҰБТ бұрынғыдай 10 күннің ішінде ғана емес, енді 3 ай бойы ҰБТ электрон форматта өтеді. Сондай-ақ ең тиімді тұсы түсушінің өзі қай күні, қай уақытта және қай жерде тапсыратынын өзі таңдайды. Осылай өтінішті толтырып, тесті тапсыра алады. Екіншіден, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу аяқталғаннан кейін бірден шығады. Егер үміткер нәтижемен келіспеген жағдайда, онда апелляция да сол күні 30 минут ішінде беруге құқы бар", – деді Әділет Тойбаев.

Тестілеу "1 тестілеуші – 1 компьютер – 1 камера" қағидаты негізінде іске асырылады. Демек әрбір тестілеуші жеке компьютерде отырып, ҰБТ-ны тапсырады.


Оқи отырыңыз: Білім беру грантын тағайындаудағы өзгерістер. Талапкер білуі тиіс негізгі 10 сұраққа жауап


Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.

  • Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, Ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тестіленушінің нәтижелері жойылады.
  • Тестілеуге 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады.
  • Тестілеудің 60 минутынан кейін оқушыларға көзге арналған және дене жаттығуларын орындау үшін екі минуттық үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минуттық үзіліс беріледі.
  • Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ6 ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ-ны өткізу рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары