Тікелей эфир

20 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 143 адам тіркелді

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Covid-19 жұқтырғандар саны 109 766-ға жетті.
20 қазан қорытындысы

Науқастар

109 766

Сауыққандар

105 301

Көз жұмғандар

1 796 (18 қазан)

Нұр-Сұлтан 14338 13694 318
Алматы 14552 14163 279
Шымкент 5216 5129 72
Ақмола облысы 3579 3337 77
Ақтөбе облысы 3273 3218 35
Алматы облысы 5042 4810 62
Атырау облысы 11220 10980 71
ШҚО 9049 8385 219
Жамбыл облысы 4158 4068 61
БҚО 6929 6771 113
Қарағанды облысы 10432 9954 280
Қостанай облысы 3557 3113 22
Қызылорда облысы 3249 3120 15
Маңғыстау облысы 3373 3269 45
Павлодар облысы 4083 3912 56
СҚО 4317 4040 25
Түркістан облысы 3399 3338 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 143 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
  • Нұр-Сұлтан – 29;
  • ШҚО – 19.

Республика бойынша барлығы 109 766 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 105 301.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 803-ке жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 36 200 адам ауырып, 388 науқас көз жұмған (20 қазанда тіркелген науқас саны – 220, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 662 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 181 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 145 науқас жатыр. 517 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 10 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Баланы емханаға қалай тіркеуге болады? Ата-анаға арналған нұсқаулық


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы


Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.

Серіктестер жаңалықтары