Мысалы, авторлық құқықтар, пайдалы модельдер мен түрлі саладағы өнертабыстар. Бұл тәртіп ҚР Салық кодексінде көрсетілген:

Салық кодексінің 620-бап, 5) тармақшасы:

"Зияткерлiк меншiк саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган заңдық мәнi бар әрекеттер жасаған кезде мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады: (...) мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі..."

Азаматтық кодекстің 961-бабы:

"Зияткерлік меншік – зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді дараландыру құралдары. Зияткерлік меншік екіге бөлінеді. Біріншісі – өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау. Екіншісі – компания немесе тұлға басқалардан өзгеше болуы мүмкін нәрселері."

Оқи отырыңыз: Нотариус қызметін қалай тегін пайдалануға болады?

Қазақстанда авторлық құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қызметін ҚР Әділет министрлігіне қарасты "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді. Институттың сайты – kazpatent.kz.

Ерекше балалардың ата-аналары қандай да бір зияткерлік меншік құқығын тіркегенде бекітілген баждың 15 пайызын төлейді. Ұлттық зияткерлік меншік институты мамандары осылай деп мәлімдеді.

Институттың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында филиалдары бар, ал басқа өңір тұрғындары институттың байланыс орталығына хабарласа алады.

Кazpatent.kz сайтында өнертабыстар, пайдалы модельдер, селекциялық жетістіктер, тауар таңбалары, авторлық және тағы басқа бөлімдер бар, Зияткерлік меншік құқығын тіркегісі келген азаматтар өзіне қажет әр бөлімге кіріп, қажет құжаттар тізілімін тауып, сайтта орналастыра алады.