"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттар шеңберінде Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтарды танымал ету мақсатында "Тәуелсіздік ұрпақтары" жобасы басталды. Сондай-ақ, заманға сай сұранысқа ие мамандықтардың дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған "Профнавигация" жобасы басталғанын мәлімдеймін", – деді  ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов.

Баймановтың сөзінше, министрлік үкіметтік емес ұйымдарға гранттар арқылы қолдау көрсетіп отырады.

Бұл жастар ұйымдарын, үкіметтік емес ұйымдарын қолдауға, сонымен бірге ашықтық принципін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі.

"Тәуелсіздік ұрпақтары" – ең алғашқы, бірінші жоба. Оның мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жас қазақстандықтарды жетістіктерімен танымал ету, оны жастар арасында насихаттау", – деді комитет төрағасы.


Оқи отырыңыз: Қазақ жастары биліктен не талап етеді? Сараптама


Елімізде 14-29 жас аралығындағы 3,7 млн азамат бар. Бұл халық санының 20,2 пайызын құрайды.

Ол Елбасының бастамасымен, Президенттің қатысуымен 2 мамырда Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың нақты тарихын көрсетуге бағытталған "100 жаңа есім" жобасы өткенін атап өтті. Бұл жобада Қазақстанда және шетелде танымал болған жас буын өкілі Санжар Тайжан жобаның жеңімпазы атанды.


Оқи отырыңыз: Жастар жылының қорытындысы: қандай бастамалар жүзеге асты?